13.06.2016, 15:57 4792

2016 жылғы егінге 2,4 млн тонна тұқым себілді - ҚР АШМ

"2016 жылғы егінге 2,4 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарынын тұқымы себілген, оныӊ ішінде дәнді дақылдар тұқымы - 2 млн. тонна, майлы дақылдар - 57 мыӊ тонна, жемшөп дақылдары - 24,7 мыӊ тонна, картоп - 338,4 мыӊ тонна", - деді А.Марс.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2016 жылғы егінге 2,4 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарынын тұқымы себілген, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасыныӊ орынбасары Алмабек Марс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылғы егінге 2,4 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарынын тұқымы себілген, оныӊ ішінде дәнді дақылдар тұқымы - 2 млн. тонна, майлы дақылдар - 57 мыӊ тонна, жемшөп дақылдары - 24,7 мыӊ тонна, картоп - 338,4 мыӊ тонна", - деді А.Марс.

Оныӊ мәліметінше, жалпы ағымдағы жылдыӊ 11 маусымына ауыл шаруашылығы дақылдары 17,5 млн га себілді, бұл 2016 жылдыӊ жаздық егісініӊ 95%-ын құрайды.

"Жаздық масақты дәнді дақылдар шамамен 14,5 млн. га алқабына себіліп, толығымен аяқталды. Майлылар 1,9 млн. га астам алқапта (99,2%), көпжылдық шөптер - 329,2 мыӊ га (100,2%) себілді. Кейбір облыстарда майлы дақылдар, көпжылдық шөптер егісі, көкөніс және картоп отырғызу аяқталмаған", - деді аграрлық ведомствоныӊ өкілі.

АШМ мәлімдегендей, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деӊгейлі банктер және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд теӊге бюджеттік несие берілген. Ол атап өткендей, барлық бағыттар бойынша өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 35 млрд теӊге бөлінді.

"2016 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердін қажетті дизель отыныныӊ көлемі 366,8 мыӊ тонна мөлшерінде айқындалды. Ағымдағы жылдыӊ 10 маусымдағы жағдай бойынша 308,4 мыӊ тонна (84%) жөнелтілді", - деді А.Марс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны