01.02.2016, 16:40 3936

2016 жылғы қаӊтарда Қазақстан Республикасында инфляция 1,3% құрады

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,8%, азық-түлік емес тауарларына - 0,9%, ақылы қызметтерге - 1,2%-ға өсті

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,8%, азық-түлік емес тауарларына - 0,9%, ақылы қызметтерге - 1,2%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда бағаныӊ өсуі жаӊадан жиналған көкөністерге 8,2%, жұмыртқаға - 4,3%, жаӊадан жиналған жемістерге - 3,7%-ға, нанға, қантқа - 3,2%, картопқа, қара шайға - 2,8%-дан, кептірілген жемістер мен жаӊғақтарға - 2,6%, сүзбеге - 2,2%-ға, жармаларға, күнбағыс майына - 2,1%-дан, мәйекті ірімшікке - 2%, құс етіне - 1,9%, өсімдік-сары майға - 1,8%, консервіленген сүтке - 1,7%, макарон өнімдеріне - 1,3%, кондитерлік өнімдерге - 1,2%, тоқаш және ұннан дайындалған өнімдерге - 1,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 4%, тұрмыстық аспаптарға - 2%, тоқыма бұйымдарына, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 1,9%-дан, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға - 1,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге - 1,2%-дан, жеке қолданатын тауарларға - 1%, киім және аяқ киімге - 0,7% құрады.

Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардыӊ темір жол көлігіне жол жүру ақысы 4,9%, мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне - 3,2%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жол жүру ақысы - 1,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 1,4%-ға қымбаттады. Құқықтық қызметтер, жеке көлiк құралдарын сақтандыру үшін төлем 7%-дан өсті.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 3,4%, суық суға - 2,5%, кәрізге - 2,2%, электр энергиясына - 1,3%, орталықтан жылытуға - 1,1%-ға жоғарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны