01.04.2016, 13:41 4981

2016 жылғы қаӊтар-наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,3%-ға төмендеді

Ағымдағы жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 11,1%-ға төмендеді, өӊдеу өнеркәсібінде - 8,5%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға 3,9%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 2,4%-ға жоғарылады

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 11,1%-ға төмендеді, өӊдеу өнеркәсібінде - 8,5%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға 3,9%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 2,4%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жыл басынан бергі кезеӊде өндірушілер бағасы мұнайға - 15%, сұйытылған пропан және бутанға - 8%, мазутқа - 1,2%-ға төмендеді, табиғи газға - 15,1%, металл кендеріне - 11,7%, бензинге - 1,4%-ға жоғарылады.

Бағаныӊ қорғасынға - 23,1%, асыл металдарға - 22,2%, мырышқа - 14%, мысқа - 11%, алюминийге - 9,4%, қара металдар илегіне - 4,3%-ға жоғарылауы тіркелді.

Өндірушілер бағасыныӊ шайға - 21,2%, қантқа - 15,8%, жармаларға - 11,3%, өсімдік майына - 10,6%, балыққа - 7,6%, бидай ұнына - 7,5%, қара бидай ұнына - 5,1%, макарон өнімдеріне - 5,7%, нанға - 5%, сүт өнімдеріне - 4,9%, құс етіне - 4,7%, мал етіне - 2,4%-ға жоғарылауы байқалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны