21.05.2014, 22:45 4001

2016 жылы дамыған елдердің ЖІӨ үлесі 54%-ға дейін төмендейді - Б.Сұлтанов

Дамыған елдердің әлемдік ЖІӨ үлесі 2016 жылы 54%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция барысында ҚР Премьер-Министрі орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Дамыған елдердің әлемдік ЖІӨ үлесі 2016 жылы 54%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы бүгін VII Астана экономикалық форумы аясындағы II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция барысында ҚР Премьер-Министрі орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Б.Сұлтановтың айутынша, бүгінгі таңда әлемде халықаралық басқарудың бірнеше тобы қалыптасқан - дамыған және дамушы елдер альянсы, Бреттон Вудские мен өзге де мекемелер, сонымен қатар "G" тобындағы дамыған елдер. Олар барлық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына белгілі бір деңгейде әсер етеді.

"Тең құқылы және демократиялық құндылықтардан тұратын әлем аталмыш бірлестіктерді түрлі деңгейде рөл атқарып, жаһандық деңгейдегі қабылдайтын шешімдері де әр алуан болып келеді. Дамушы нарықтар экономикалық сараптама, нарықтық көзқарас құру мен әлемдік қауымдастық саясатына енгізілмген. Алайда басқа-басқа емес дәл дамушы елдер әлемдік экономиканың қозғаушы күші болып табылады", - дейді.

Халықаралық валюталық қордың соңғы мәліметтері бойынша 2014 жылы дамушы елдердің экономикалық өсім деңгейі 5,5% көлемінде күтіліп отыр.

ХВҚ әлемдік экономикалық шолу мәліметінше, дамыған елдердің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 2000 жылғы 75 пайыздық көрсеткіштен 2016 жылы 54 пайызға төмендейді деп болжануда. Ал қарқынды дамып келе жатқан елдердің көрсеткіші 2016 жылы дамыған елдерден 2 есеге көбеймек.

"Өсім полюсының дамыған елдерден дамушы елдерге қарай ауып, жылдам өзгеріп келе жатқан жаһандық деңгейдегі ережелер мен ұстанымдарды қайта қараудың артықтығы жоқ. Аталмыш мәселе Санкт-Петербургте өткен үлкен жиырмалықтың саммитінде кеңінен қаралып, онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев әлемге G-Global халықаралық диалог форматын ұсынды. Бұл G8 бен G20-ның баламасы емес, жаһандық диалогтың қосымша құралы, ол бүгіннің өзінде ақпараттық-коммуникациялық алаң ретінде іске асырылуда", - дейді Б.Сұлтанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны