09.01.2017, 12:36 4177

2016 жылы Қазақстанныӊ алтынвалюта резервтері $1, 9 млрд. долларға ұлғайды

Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы валюта активтері жылдыӊ соӊында $61 млрд. доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер $90,8 млрд. немесе ІЖӨ-ден 68% болды", - деді Д. Ақышев.

Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Ұлттық Банк 2016 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін төрт ай қатарынан валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ. Сондықтан айырбастау бағамыныӊ іргелі үрдісіне біздіӊ әсеріміз нөлге теӊ болды", - бұл туралы журналистерге брифинг кезінде Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бағамныӊ қалыптасуына Ұлттық Банктіӊ араласпау саясатыныӊ нәтижесі ел резервін қалпына келтіруге бірте-бірте әсер етеді. "Ұлттық Банктіӊ алтынвалюта резервтері желтоқсанныӊ соӊында, бастапқы деректер бойынша, жыл басынан бастап $1,9 млрд. долларға ұлғайып, $29,8 млрд. долларды құрады. Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы валюта активтері жылдыӊ соӊында $61 млрд. доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер $90,8 млрд. немесе ІЖӨ-ден 68% болды", - деді Д. Ақышев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны