27.04.2017, 16:31 4991

2016 жылы Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған "Даму-Сырдария" бағдарламасыныӊ жүзеге асуына 1,5 млрд.теӊге қаржы бөлінген

Кеше "Даму-Сырдария" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасыныӊ Қызылорда қаласындағы қатысушы-кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылды.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше "Даму-Сырдария" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасыныӊ Қызылорда қаласындағы қатысушы-кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылды.

Пресс-тур аясында БАҚ өкілдері мемлекеттік қолдаудыӊ көмегімен кәсібін жүргізіп отырған үш шағын және орта бизнес субъектілерініӊ қызметімен танысты.

Бірінші кезекте журналистер жабық футбол клубыныӊ жұмысымен танысты. Жоба "Спортмастер СБ" ЖШС компаниясыныӊ бастамасымен жүзеге асуда. Компания директоры Бауыржан Махмұтов спорт кешенін ұйымдастыру туралы көптен бері ойластырған екен. Бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін жас кәсіпкер "Даму-Сырдария" аймақтық бағдарламасы аясында 8,5% үстемемен "БанкЦентрКредит" АҚ-нан 20 млн.тенге рәсімдеді. Бұл ретте банк алдындағы кепіл мүлік жетіспеушілігін "Даму" Қорыныӊ 80% кепілдендіру құралыныӊ көмегімен шешуге мүмкіндік туды.

Спорт кешенініӊ қызмет құны бәсекелестерден әлдеқайда төмен болғандықтан, тұтынушылары көп.

Қызылорда облысындағы автосусабын шығаратын жалғыз кәсіпорын да өз кезегінде "Даму-Сырдария" аймақтық қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жеке кәсіпкер Серік Махамбетов өзініӊ жуып-тазалауға арналған сұйық заттар шығаратын цехын "Банк Центр Кредит" АҚ алған несие қаражатына ашты. Бизнесменніӊ сөзінше ЕДБ қаражат тарту кезінде кепілмүлікпен жетіспеушілігі мәселесін "Даму" Қорыныӊ кепілдендіруімен оӊтайлы шешті.

Несие қаражатын Серік Махамбетов химиялық заттарды өндіретін құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады. Кәсіпкердіӊ ісіне тікелей бәсеке болатындай кәсіпорын аймақта жоқ. Бәсекелес ретінде жуып-тазалайтын заттарды көтерме және бөлшек саудалайтын сатушыларды атауға болады, алайда олар өндіруші болмағандықтан тиімді әрі төмен баға саясатын орната алмайды. Кәсіпорын өнімдерініӊ бағасы оны сатушылардыӊ бағасымен салыстырғанда 30% төмен болып отыр.

Бизнесменніӊ сөзінше, дұрыс қойылған баға қатынасы мен оныӊ сапалылығы өзініӊ оӊ нәтижесін де әкеледі. Оныӊ ұраны - қолжетімді бағадағы кәсіби өнімдер. Бір тәуліктік өндіріс қуаты 200 литрді құрайды және зауыттыӊ айлық өнімділік көлемі 5 тоннаға жетуде. Жобаны жүзеге асыру арқылы кәсіпкер 8 жаӊа жұмыс орнын ашты.

Пресс-тур Бекзат Алмахановтыӊ техникалық қызмет көрсету станциясыныӊ жұмысымен танысудан соӊ өз мәресіне жетті. Жас кәсіпкер қызмет көрсету станциясын кеӊейту мақсатында 10 млн.теӊге несиеге "Даму" Қорыныӊ кепілдендіруі арқылы 8,5% үстемемен қол жеткізді. Несие қаражаты оныӊ бизнесін кеӊейтуге мүмкіндік беретін қажетті құрал-жабдықтар мен металл ангарын сатып алуға жұмсалды. Жеке кәсіпкердіӊ бизнесін дамытуға "Даму-Сырдария" Қызылорда облысыныӊ шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудыӊ аймақтық бағдарламасы аясында мүмкіндік туды. Бағдарламаға қатысудыӊ нәтижесінде кәсіпкер жаӊа жұмыс орындарын ашты.

2016 жылы Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен "Даму" қоры бірлесіп Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған "Даму-Сырдария" бағдарламасыныӊ жүзеге асуына 1,5 млрд.теӊге қаржы бөлген болатын. Аталған бағдарлама аясында өӊіріміздіӊ 40 кәсіпкері 180 млн.теӊгеге дейінгі несиені "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Казкоммерцбанк" АҚ 8,5% үстемемен рәсімдеуге мүмкіндік алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны