18.03.2016, 20:34 5875

2016 жылы ҚР-да қалалар мен ауылдарды газдандыру бойынша үш ірі жоба аяқталады - ҚР Энергетика министрлігі

Ағымдағы жылы Қазақстанда республикалық бюджет қаражатынан қалалар мен ауылдарды газдандыру бойынша 3 жобаны аяқтау жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ҚР Энергетика министрлігініӊ газ өнеркәсібі департаментініӊ директоры Ғалым Нұрғазиев

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Қазақстанда республикалық бюджет қаражатынан қалалар мен ауылдарды газдандыру бойынша 3 жобаны аяқтау жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ҚР Энергетика министрлігініӊ газ өнеркәсібі департаментініӊ директоры Ғалым Нұрғазиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылы бюджет қаражатынан 3 жоба аяқтау жоспарланған", - деді Ғ.Нұрғазиев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осылайша, құны 17,9 млрд теӊге болатын "Алматы - Талдықорған" магистральді газ құбырыныӊ құрылысы жоспарланған. Жобаны аяқтау үшін бюджеттен 4,2 млрд теӊге бөлінді.

"Ол аталған өӊір үшін зор маӊызға ие, себебі Талдықорған өте үлкен қала және осы газ құбырын салу жолындағы ауылдар газдандырылады", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Қостаанй облысындағы магистральді газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны