13.02.2017, 16:41 4798

2016 жылы шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 36,7 мыӊнан астам рұқсат берілді

Еӊбек мигранттары келген елдердіӊ ішінде еӊ алдымен Қытай (12 мыӊ 699 адам), Түркия (3 мыӊ 502 адам), Өзбекстан (1 мыӊ 564 адам), Ұлыбритания (1 мыӊ 474 адам) және Үндістан (1 мыӊ 388 адам) мемлекеттері көзге түседі.

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылы, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасыныӊ аумағында еӊбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін (әрі қарай - ШЖК) тарту мақсатында 36 мыӊ 792 рет рұқсат берген.

Олардыӊ ішінде бірінші санатқа жататыны 2 мыӊ 76 болса (басшылар мен олардыӊ орынбасарлары), екінші санатқа 7 мыӊ 43 тиесілі болып отыр (құрылымдық бөлімшелердіӊ басшылары). ШЖК тартуға рұқсаттыӊ негізгі бөлігі үшінші (мамандар, 16 мыӊ 811 адам) және төртінші (біліктілікке ие жұмысшылар, 8 мыӊ 542 адам) санаттар бойынша жасалған.

Өткен жылы, шетелдік жұмыс күшін шақырған 3 мыӊ 768 жұмыс берушіде, 470 мыӊ 398 қазақстандық азамат жұмыс істеп, бұл еӊбеккерлердіӊ жалпы саныныӊ 94 пайызын құраған.

Еӊбек мигранттары келген елдердіӊ ішінде еӊ алдымен Қытай (12 мыӊ 699 адам), Түркия (3 мыӊ 502 адам), Өзбекстан (1 мыӊ 564 адам), Ұлыбритания (1 мыӊ 474 адам) және Үндістан (1 мыӊ 388 адам) мемлекеттері көзге түседі.

Осы орайда атап өтерлігі, 2016 жылы, ШЖК тартқан жұмыс берушілерде Қазақстан азаматтарына 16 мыӊ 259 жұмыс орны құрылып, кәсіби дайындық пен қайта даярлықтан 1 мыӊ 340 қазақстандық азамат өткен. Сонымен қатар, 5 мыӊ 427 жергілікті жұмысшы мен 11 шетелдік маманныӊ орнын қазақстандық кадрлар басқан.

Еске салсақ, 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудыӊ жаӊа жеӊілдетілген тәртібі енгізілді. Бұған сәйкес, жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.

Аталған шарттардан босаған жұмыс берушілер, енді салық алымдарын төлеуі тиіс. Салық көлемі, шетелдік жұмыс күшініӊ санаты мен сала сипатына қарай, 137-250 АЕК арасында белгіленбек, яғни 290 бен 530 мыӊ теӊге шегінде.

Дегенмен, жұмыс берушілерге, кадрлардағы жергілікті құрамға байланысты қағидаларды сақтау талабы солай қала береді: басшылар мен олардыӊ орынбасарларында кем дегенде 70%, мамандар мен біліктілікке ие жұмысшыларда кем дегенде 90%.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны