05.09.2016, 16:58 4507

2016 жылы Жамбыл облысыныӊ ауыл шаруашылығын саласын қолдауға барлығы 8,2 млрд. теӊге субсидия қарастырылды

2016 жылы облыстыӊ ауыл шаруашылығын саласын қолдауға барлығы 8,2 млрд. теӊге субсидия қаралса, оныӊ ішінде республикалық бюджеттен - 3,1 млрд. теӊге, жергілікті бюджеттен - 5,1 млрд. теӊге бөлінді.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊірдегі Ұлт жоспары "100 нақты қадам" аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары Абдалы Тоқбергенұлы Нұралиев баяндады. Брифинг барысында Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылық өнімдері жайлы облыс басшысыныӊ орынбасары толық ақпарат берді.

2016 жылы облыстыӊ ауыл шаруашылығын саласын қолдауға барлығы 8,2 млрд. теӊге субсидия қаралса, оныӊ ішінде республикалық бюджеттен - 3,1 млрд. теӊге, жергілікті бюджеттен - 5,1 млрд. теӊге бөлінді. Үстіміздегі жылдыӊ 7 айында ауыл шаруашылығы өнімініӊ жалпы көлемі И 64,6 млрд. теӊгені немесе нақты көлем индексі И 102,3% құраса, оныӊ ішінде өсімдік шаруашылығы өнімініӊ көлемі И 10,8 млрд. теӊгені (НКИ И 106,4), мал шаруашылығы И 53,5 млрд. теӊгені (НКИ И 101,5%) құрады.

Биылғы жылы егілген ауылшаруашылығы дақылдарыныӊ алқабы 594,1 мыӊ гектарды немесе 100,6% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 5,5 мыӊ гектарға артып отыр.

Оныӊ ішінде: 100,4 мыӊ гектарға күздік бидай (102,2%), 147,5 мыӊ гектарға масақты жаздық дақылдар (104,3%), 25,8 мыӊ гектарға көп жылдық шөп (109,8%),26,3 мыӊ гектарға көкөніс (100,8%), 10,5 мыӊ гектарға бақша дақылдары (101,6%), 8,7 мыӊ гектарға картоп (101,9%) және 5,6 мыӊ гектарға қант қызылшасы егілді.

Сонымен қатар бүгінгі күні егін орағы аяқталып, 251 мыӊ гектар масақты дәнді дақыл жиналды. Ир гектардан алынған орташа өнім 23,6 центнерді құрап, 591,6 мыӊ тонна астық бастырылды. Ауа райыныӊ қолайлы болуынан биылғы жылғы масақты дәнді дақылдардан жиналған өнім Тәуелсіздік жылдарындағы жоғары көрсеткіш болып отыр - деп спикер биылғы өнім көлемі туралы хабарлады.

Айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта жүгері, көкөніс және бақша дақылдары, майлы дақылдар мен басқа да дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

"Біз соӊғы жылдары қант қызылшасын өндіруді мықтап қолға алдық. Оған үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 420 млн. теӊге бөлінді. Оныӊ 220,0 млн. теӊгесіне қант қызылшасы дақылына қажетті тұқым (Франциядан "Авантаж" сорты сатып алдынды) сатып алынса, 200,0 млн мыӊ теӊгесіне қант қызылшасы дақылыныӊ агротехникалық іс-шараларын атқаратын ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Биыл қант зауыттарына 100 мыӊ тоннаға дейін тәтті түбір өткізуді жоспарлап отырмыз" - деп мәлімдеді спикер.

Облыста сиымдылығы 19,0 мыӊ тоннаны құрайтын 26 көкөніс сақтау қоймалары бар. Бұдан бөлек Шу ауданында сиымдылығы 5 мыӊ тоннаны құрайтын көкөініс сақтау қоймасыныӊ құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, көкөніс дақылдарын қайта өӊдейтін кәсіпорындардыӊ құрылысына инвесторлар тартылуда.Сонымен қатар, жеміс және көкөніс дақылдарыныӊ өнімін арттыру мақсатында Шу ауданында көкөніс кластерін құру жұмыстары жүргізілуде.

Егістікті сумен және су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз ету мақсатында 76,1 млн. теӊгеге 25,56 шақырым жерге электр желілері тартылды. Нәтижесінде 2300 гектар егістік жердіӊ 1205 гектарына көкөніс, 990 гектарға бақша, 105 гектарға мал азығы дақылдары орналастырылды. Биылғы жылы электр жүйелерініӊ жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен қосымша 20,0 млн. теӊге бөлінді.

Облыста үдемелі бақ (интенсивті бақ) отырғызу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні аталған бақтыӊ жалпы аумағы 240 гектарды құрайды. Аймақты дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін үдемелі бақты (интенсивті бақ) 1600 гектарға жеткізу жоспарлануда - деп хабарлады А.Нұралиев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны