22.07.2018, 20:27 4463

2017-2018 жылдардағы жылыту кезеӊініӊ жылумен жабдықтау қызметіне төленген қаржы халыққа қайтарылады

2017-2018 жылдар жылыту кезеӊі үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне халыққа қаражатты қайтарудыӊ жалпы сомасы, ҚҚС-ты қоса есептегенде, 1 012 720, 38 мыӊ теӊгені құрады.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ аумақтық бөлімшелері Қазақстанныӊ барлық өӊірінде жылумен жабдықтау қызметі құнын қайта есептеу жұмыстарын жүргізді.

Табиғи монополиялар туралы заӊнамаға сәйкес,табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаныӊ нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердіӊ құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушыныӊ тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтарады.

2017-2018 жылдар жылыту кезеӊі үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне халыққа қаражатты қайтарудыӊ жалпы сомасы, ҚҚС-ты қоса есептегенде, 1 012 720, 38 мыӊ теӊгені құрады.

Осылайша, өӊірлер бөлінісінде 2017-2018 жылдардағы жылыту кезеӊі үшін қайта есептеу сомасы (ҚҚС-пен):

- Алматы қаласы бойынша - 376 510,85 мыӊ теӊгені;

- Алматы облысы бойынша области - 948,45 мыӊ теӊгені;

- Ақмола облысы бойынша - 10 242,94 мыӊ теӊгені;

- Атырау облысы бойынша - 10 167,70 мыӊ теӊгені;

- Ақтөбе облысы бойынша - 21 880,24 мыӊ теӊгені;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 157 619,96 мыӊ теӊгені;

- Жамбыл облысы бойынша - 31 726,18 мыӊ теӊгені;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша - 12 955,87 мыӊ теӊгені;

- Қарағанды облысы бойынша - 266 888, 79 мыӊ теӊгені;

- Қостанай облысы бойынша - 21 733,76 мыӊ теӊгені;

- Қызылорда облысы бойынша - 54 812,95 мыӊ теӊгені;

- Маӊғыстау облысы бойынша - 306,51 мыӊ теӊгені;

- Павлодар облысы бойынша - 10 859,45 мыӊ теӊгені;

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 1 766,76 мыӊ теӊгені;

- Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша - 34 299,97 мыӊ теӊгені құрады.

Бұл ретте, Астана қаласы бойынша сыртқы ауаныӊ нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтерініӊ құнын қайта есептеуден халыққа қаражатты қайтару жүргізілмейді, себебі Астана қаласыныӊ аумағында жылумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері жылыту кезеӊінде сыртқы ауаныӊ нақты температурасын ескере отырып, айлар бойынша бөліністе жылу үшін төлем мөлшерін түзетуді ай сайын жүргізеді.

Сонымен қатар, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтыӊ жеке шотында жылыту кезеӊінде не күнтізбелік жылға аванс (сальдо) түрінде жеке жолда көрсетілетінін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны