12.05.2016, 15:01 5676

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ҚР әуежайларындағы реттелмелі қызметтер ырықтандырылады - С.Жұманғарин

2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап қазақстандық әуежайлар инфрақұрылымды жетілдіруге қосымша кірістер ала отырып, қызметтер бағасын өздері реттей алады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ төрағасы Серік Жұманғарин

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап қазақстандық әуежайлар инфрақұрылымды жетілдіруге қосымша кірістер ала отырып, қызметтер бағасын өздері реттей алады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ төрағасы Серік Жұманғарин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап әуежайлардағы реттелмелі қызметтер ырықтандырылады, бағалық реттеудіӊ орнына монополияға қарсы реттеу келеді, яғни тұтынушылардыӊ шағымдары бойынша жазаланатын болады, ал 2016 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап халықаралық әуе бағыттары бойынша қызметтерді жете реттеуді жоспарлап отырмыз", - деді С.Жұманғарин "Қазақстан Республикасыныӊ бәсекелестік мәселелері жөніндегі кейбір заӊнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, халықаралық бағыттардағы әуежайлар тарифтерді өз бетінше белгілей алады және оларда "қаражатты валютада алу мүмкіндігі пайда болады".

Ол бұл өз инфрақұрылымын жетілдіруге, әуе қауіпсіздігін жақсартуға және ішкі авиарейстерге жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретінін айтып өтті.

"Ийтпегенде, олар сіз бен біздіӊ ішкі рейстердегі билеттердіӊ бағасын арттыру арқылы жасайтын еді", - деді Комитет басшысы.

С.Жұманғаринніӊ мәліметінше, қазақстандық әуежайлар Астана мен Алматыны қоспағанда барлығы шығынды.

"Жолаушылар ағыны 300 мыӊ адамды сирек құрайды. Сәйкесінше, әуежайлар қатты реттеледі, реттелмелі қызметтер - 13, тағы 4 қызмет - табиғи монополияларда. Аталған жағдайда біз халықаралық бағыттағы қызметтердегі - Қазақстаннан ұшуларға байланысты жете реттеу туралы ғана айтып отырмыз", - деп түсіндірді ТМРК төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны