08.01.2014, 18:14 2655

2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады

"Астана Экспо-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақыты жақындаған сайын елорда экологиялық қалаға айналып, жас көшеттерді көптеп отырғызып жатыр. 2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. "Астана Экспо-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақыты жақындаған сайын елорда экологиялық қалаға айналып, жас көшеттерді көптеп отырғызып жатыр. 2017 жылға дейін Астана аумағының 40% жуығы орман-тоғай болады. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады.

"Қаланың аумағы, әкімшілік шекарасы - 71 000 гектар, қараша айында жас көшеттер отырғызу ұсынылды, бұл бас жоспарға қосымша. Атап айтқанда, бүгінде қала аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан табиғи парктер мен орман-тоғайлар. Бұл осының жалғасы, бұл ағаштар орман-тоғайларға, жүйелі парктерге ұласатын болады",- деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий хабарлады.

Оның айтуынша, қалада негізгі 7 магистраль бар, ал көшеттер солардың арасына Есіл өзенінің арнасына дейін отырғызылады. Бұл елорданы экологиялық әрі жайлы қалаға айналдырады.

"Қазіргі уақытта 14 мың гектар жерге жас көшеттер отырғызылды, бұл көрсеткіш 32 мың гектарға жеткізілмек, ал барлық құрамдас бөліктер кіретін аумақ 38 мың гектарды құрайды. Нәтижесінде, 35-тен астамын, жердің 40% жуығын табиғи парктер, орман-тоғайлар алатын болады", - деді ведомство басшысы Виталий Силецкий.

Айта кетейік, жас көшеттер отырғызу және орман-тоғайлар жасау Астана қаласы бас жоспарын дамыту мен түзетудің басты үрдісі болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны