06.01.2014, 21:48 3436

2017 жылға дейін Астанада 40-қа жуық қонақ үй салынады

Астанада 2017 жылға дейін 38 қонақ үй салу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына қаланың Бас жоспарымен таныстыру барысында белгілі болды.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Елордада "Астана Экспо-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық толық қарқынмен жүріп жатыр. Іс-шараға 5,5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.

Астанада 2017 жылға дейін 38 қонақ үй салу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына қаланың Бас жоспарымен таныстыру барысында белгілі болды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 75 қонақ үй ресми тіркеліп, жұмыс істеп келеді, соның ішінде төртеуінде 150 және одан артық бөлме бар, ал қалған қонақ үйлерде 4-30 номерден.

"Бүгінде қонақ үйлер бақылауға алынды, яғни, жаңадан салынғандары, олардың классы, бөлмелер саны. Ал екінші блок, бұл жобалау және салу кезеңіндегі объектілер. Жалпы алғанда, 2017 жылға дейін қалада 38 жуық қонақ үй пайда болады, олар жобаланып жатыр", - деді astana.kz сайтына қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны