10.01.2018, 23:08 8086

2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны 4,5%-ға өскен

Қазақстанда барлығы 1 156 436 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар саны - 207 929, ал орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар саны - 2 609. Жеке кәсіпкер ретінде 756 743 азамат тіркелген.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны 4,5%-ға өскен.

ҚР Қаржы министрлігі Статистика комитетініӊ ақпаратына сүйенсек, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы осы кезеӊге сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,5%-ға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ жалпы санында жеке кәсіпкерлердіӊ үлесі 65,4%, шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар - 18%, шаруа немесе фермер қожалықтары - 16,4%, орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар - 0,2%.

Қазақстанда барлығы 1 156 436 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар саны - 207 929, ал орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар саны - 2 609. Жеке кәсіпкер ретінде 756 743 азамат тіркелген. Сонымен қатар елімізде 189 155 шаруа немесе фермер қожалығы ресми жұмыс істейді.

Бұл көрсеткішті өӊірлерге шағатын болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісініӊ саны бойынша Оӊстүстік Қазақстан облысы көш басында. Бұл облыста 179 704 субъект тіркелген. Шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар саны 26 254 болса, орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар саны 165. Оӊтүстікте жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар саны 94 496-ға жеткен, сонымен қатар 68779 шаруа қожалығы бар.

Ал екінші орында Алматы қаласы. Бизнес орталық ретінде танылған қалада 169 638 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оныӊ ішінде 58 247 - шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар болса, 686 - орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар. 110 200 жеке кәсіпкер тіркелсе, 505 шаруа немесе фермер қожалығы ретінде есепке алынған.

Ал Алматы облысы үздік үштікке енген. Ауыл шаруашылығына қолайлы саналған бұл аймақта 45 639 шаруа қожалығы тіркелген. Сонымен қатар 8 482 шағын кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар мен 152 орта кәсіпкерліктегі заӊды тұлғалар қызмет атқарады. Сонымен 57 255 субъект жеке кәсіпкер ретінде есепте тұр.

Төртінші орында - Астана қаласы. Елордада барлығы 97 197 ШОК субъектісі тіркелген. Ал Шығыс Қазақстан облысында - 81 310, Қарағанды облысында 80 589 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Статистика комитетініӊ мәліметіне назар аударар болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектісініӊ саны еӊ аз, атап айтқанда 28 146 субъекті жұмыс істейді. Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары да бизнес субъектісі аз тіркелген аймақ болып саналады. Егер Батыс Қазақстан облысында 37 284 субъектісі болса, Қызылордада - 37 700 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар.

Ал еліміздіӊ жеті өӊіріндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісініӊ саны 41 мыӊнан 60 мыӊныӊ арасындағы көрсеткіш деӊгейінде. Атап айтқанда Жамбыл облысында - 59 706, Ақтөбе облысында - 50 430, Қостанай облысында - 49 185, Маӊғыстау облысында - 47 239, Атырау облысында - 43 388, Ақмола облысында - 47 754, ал Павлодар облысында 41 638 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Өӊірлерде, әсіресе ауылдық жердегі кәсіпкерлік саны алдағы 5 жылда артуы әбден ықтимал. Себебі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып отырған "Бастау Бизнес" жобасы 2017 жылы 15 мыӊ ауыл тұрғынын оқытуды көздеді. 2018 жылдан бастап бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды, тиісінше 30 мыӊ адамға білім беріп, оныӊ ішінде 6000 білім алушы өз кәсібін ашуы керек немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеӊейте алады.

"Бастау Бизнес" жобасыныӊ 2017 жылғы жоспары 100% орындалған. Білім алған 15 мыӊ қатысушыныӊ 56%, атап айтқанда 8285 қатысушы бизнес-жобасын қорғады. Ал оныӊ ішінде 3314 - жеке кәсіп ашты, кәсібін өрістетті.

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген "Бастау бизнес" жобасы арқылы 2017-2021 жылдар аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 135 мыӊ азамат кәсіпкерлік негіздерінен біліп алады әрі 27 мыӊ бизнес субъектісі ашылады деп жоспарланған, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны