03.07.2017, 14:40 4856

2017 жылғы қаӊтар-маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 3,7%-ды құрады

2017 жылғы қаӊтар-маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 3,7%-ды құрады

Астана. 3 шілде. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) 5,1%, азық-түлік емес тауарларына - 3%, ақылы қызметтерге - 2,8%-ға өсті.

Ағымдағы жылдыӊ басынан (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) бағаныӊ өсуі картопқа 77,3%, жаӊадан жиналған көкөністерге - 15,6%, қой етіне - 10,7%, сиір етіне - 9%, жаӊадан жиналған жемістерге - 7,9%, консервіленген сүтке - 6,4%, сары майға - 5,6%, жылқы етіне - 4,6%, кондитерлік өнімдерге - 4,3%, мәйекті ірімшікке - 3,8%-ға белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі қиярға 58,7%, қызанаққа - 28,7%, жұмыртқаға -27%, қарақұмық жармасына - 13,4%, күнбағыс майына - 6,6%,қантқа - 1,8%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге 4,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 4,6%, тоқыма бұйымдарына - 3,4%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға - 2,9%-дан, фармацевтикалық өнімдерге, газеттер, кітаптар және кеӊсе тауарларына - 2,8%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 2,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 2,4% құрады. Дизель отыны 6,6%, баллондағы сұйытылған газ - 5,8%, бензин - 5,4%-ға қымбаттады.

Баға деӊгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8%, денсаулық сақтау - 4,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 2,6%, қоғамдық тамақтандыру - 2,5%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 4%, ішкі қалааралық - 2,7%, жолаушылардыӊ әуе көлігімен - 2,4%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен - 1,4%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 7,4%, орталықтан жылытуға - 7,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,2%, ыстық суға - 3,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 3,5%, электр энергиясына - 3,2%, суық суға - 2,4%-ға жоғарылады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаныӊ өзгеруі

Инфляция деӊгейін сипаттайтын тұтыну бағасыныӊ индексі халықтыӊ жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасыныӊ өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктіӊ түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарыныӊ іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарыныӊ белгіленген шеӊбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардыӊ шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2017 жылғы қаӊтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларыныӊ үлесі 37,6%, азық-түлік емес тауарлар - 30,2%, ақылы қызметтер - 32,2%-ды құрады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны