27.07.2018, 16:45 4492

2017 жылы Аграрлық несие корпорациясы 12,7 млрд теӊге жалпы сомаға 2 020 несие, соныӊ ішінде 9,8 млрд теӊге несие серіктестіктері, 2,9 млрд теӊге кішігірім қаржы ұйымдары арқылы бөлді

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы Нармұхан Сарыбаев бұл туралы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын Президент атаған бес әлеуметтік бастама мән-мәтінінде іске асыру барысы" атты тақырыптағы ОКҚ брифингінде айтты.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today -Бөлінген қаражат есебінен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған "Еӊбек" бағдарламасы шеӊберінде 2017 жылы Аграрлық несие корпорациясы 12,7 млрд теӊге жалпы сомаға 2 020 несие, соныӊ ішінде 9,8 млрд теӊге несие серіктестіктері, 2,9 млрд теӊге кішігірім қаржы ұйымдары арқылы бөлді.

Старт-ап жобаларға 4,8 млрд теӊге сомасына 869 несие, соныӊ ішінде 2,9 млрд теӊге жалпы сомасы "Бастау-бизнес" жобаларына 529 несие берілді.

Бағдарлама бойынша қаржыландыру 2 348 жаӊа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы Нармұхан Сарыбаев бұл туралы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын Президент атаған бес әлеуметтік бастама мән-мәтінінде іске асыру барысы" атты тақырыптағы ОКҚ брифингінде айтты.

Несиелер кішігірім қаржы ұйымдар және несие серіктестіктері арқылы мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, сондай-ақ ауылдық жерлердегі бизнестік ауылшаруашылық емес түрлеріне бөлінеді. Қазақстанда 195 НС құрылды. Несие серіктестіктері қатысушыларыныӊ саны 17 мыӊнан астам ауылшаруашылық өндірушілерін құрайды.

Кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, ауылшаруашылық тауарларды өндірушілерге кепілдік нысанында қолдау көрсетіледі, олар қамтамасыз етудіӊ жетіспеуін 85%-ға дейін өтелуіне мүмкіндік береді (старт-ап жобалар бойынша).

Корпорацияныӊ Зәкірлі кооперацияларды қаржыланлыруы 2018 жылдыӊ жаӊалығы болып табылады. Ол шағын және орта шаруа қожалықтарыныӊ және қайта өӊдейтін кәсіпорындармен ауылшаруашылық кооперативтерініӊ серіктестігін қарастырады. Барлық ауылшаруашылық өндірушілер оныӊ қатысушысы бола алады.

Несиеніӊ максималды сомасы 12 025 000 теӊгеге дейін (5000 АЕК). Бұл кезекте, зәкірлі кооперация шеӊберінде Аграрлық несие корпорациясы ІҚМ/ҰҚМ өсіру үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуға және айналым қаражатты толықтыруға арналған Бағдарламаныӊ қатысушыларын қаржыландырады.

Төртінші бастама шеӊберінде, 2018 жылы бюджеттен қоса бөлінетін қаражатпен қаржыландыру сомасы 44,7 млрд теӊгені құрайды.Бұл сомадан Аграрлық несие корпорациясынесие серіктестіктерін және кішігірім қаржы ұйымдарын 17,7 млрд теӊге сомасына қорландырады, соныӊ ішінде бірінші транш 11,4 млрд теӊгені құрайды.

Бүгінгі танда Корпорацияда 9 187 млн. теӊге жалпы сомасына жұмыс үшін 2 028 өтініш бар.

Соныӊ ішінде 2 408 млн теӊгеге, соныӊ ішінде 1 566 млн теӊге НС арқылы және 842 млн теӊге КҚҰ арқылы несие берілді. Бұл кезекте, старт-ап жобалар бойынша жалпы сома 167 жобаға 728 млн теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны