03.01.2018, 14:51 5385

2017 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 7,1%-ды құрады

2017 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 7,1%-ды құрады

Астана. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына 6,5%, азық-түлік емес тауарларына - 8,9%, ақылы қызметтерге - 5,9%-ға өсті.

Ағымдағы жылдыӊ басынан (2017ж. желтоқсан 2016ж. желтоқсанға) бағаныӊ өсуі картопқа 28,7%, тәтті бұрышқа - 28,6%, басты пиязға - 28,2%, сәбізге - 19,3%, сиір етіне - 15,3%, қой етіне - 14,1%, консервіленген сүтке - 11,6%, сары майға - 11,3%, кондитерлік өнімдерге - 10,7%, мәйекті ірімшікке - 10,3%, жылқы етіне - 9,8%, жаӊа ауланған балыққа - 9,4%-ға белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі қарақұмық жармасына 28%, сарымсаққа - 25,6%, қантқа - 19,5%-ға, қызанаққа, жұмыртқаға - 16%-дан, қиярға - 12,5%, күнбағыс майына - 9,9%, қырыққабатқа - 5,2%-ға тіркелді.

Баға өсімі кеӊсе тауарлары мен сызу құралдарына 10%, автомобильдерге - 9,2%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,9%-ға, кітаптарға, киім және аяқ киімге - 8%-дан, тоқыма бұйымдарына - 7%, фармацевтикалық өнімдерге - 6,6%, газеттер мен журналдарға - 6,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 6,3%, жеке қолданатын тауарларға - 6,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 5,8%, тұрмыстық аспаптарға - 5,5%-ды құрады. Дизель отыны 31,8%, бензин - 17,6%, тас көмір - 17,4%, баллондағы сұйытылған газ - 8,6%-ға қымбаттады.

Баға деӊгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,9%, құқықтық - 7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 6,9%, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8%, қонақ үйлер - 6%, қоғамдық тамақтандыру - 5,8%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 9,6%, қалааралық - 7,1%, жолаушылардыӊ әуе көлігімен - 4,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен - 0,2%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 11,4%, ыстық суға - 10,9%, орталықтан жылытуға - 9,9%, кәрізге - 9,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 7%, суық суға - 5,1%, электрэнергиясына - 5%-ға жоғарылады.

Инфляция деӊгейін сипаттайтын тұтыну бағасыныӊ индексі халықтыӊ жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасыныӊ өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктіӊ түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарыныӊ іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарыныӊ белгіленген шеӊбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардыӊ шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2017 жылғы қаӊтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларыныӊ үлесі 37,6%, азық-түлік емес тауарлар - 30,2%, ақылы қызметтер - 32,2%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны