02.04.2014, 20:17 13270

2017 жылы Қазақстанда Рожков кен орнын пайдалануға беру жоспарлануда

2017 жылы Қазақстанда Рожков кен орнын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мәлімдеді.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. 2017 жылы Қазақстанда Рожков кен орнын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мәлімдеді.

"Біз 2014 жылы Федорвский блогы, яғни Батыс Қазақстан облысы бойынша коммерциялық барлау жарияладық. Соңғы 5 жыл ішіндегі қор өсімі 3,5 пайызға жақындады. 2017 жылы аталмыш блок, соның ішінде Рожков кен орнын пайдалануға беру жоспарлануда", - дейді А.Нұрсейітов.

Айта кету керек, бүгінде компания "ҚазМұнайГаз" жұмыс істейтін активтердегі әлеуметтік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік туды.

"Біз тұрақты өндірістік процесті қалпына келтіре алдық. Қазірде өзіміздің өнеркәсіптік нысандарымызды жаңғыртуға айтарлықтай қаражат құюдамыз. Алдағы уақытта да компаниямыздың қаржылық тұрақтылығының іргетасын құратын боламыз", - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде өңірлерде еңбек ақы төлемін анықтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"Осы орайда өз бюджетімізге түзетулер жасап, қапржылық құралдарымызды арттырып, еңбек төлемі қорына аудардық. Соның ішінде біз теңгенің құнсыздануынсыз 10% қосымша төлемді қарастырудамыз. Біздің компанияға биыл 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында елдегі ең ірі салық төлеушілердің біріне айналдық. Шамамен 300 млрд теңгедей салық ел қазынасына төлейміз", - дейді А.Нұрсейітов.

Бас директордың айтуынша, 10 жыл ішінде компания түрлі әлеуметтік жобалардың ұзын саны 45 млрд теңгенің қаржыландыру жұмыстарын жасаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны