12.10.2016, 12:08 4190

2017 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін көрсетуге 915 млрд теӊге жұмсалады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теӊге көлеміндегі бюджетті жоспарлап отыр.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теӊге көлеміндегі бюджетті жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Парламеті Мәжілісіндегі отырыс барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

"Министрліктіӊ үш жылдық бюджет жобасы министрліктіӊ 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарыныӊ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрастырылған. 2017 жылдыӊ стратегиялық жоспарыныӊ бағыттарын жүзеге асыру үшін 3 трлн 104 млрд теӊге бөлу қарастырылған, ол ЖІӨ қатынасына сәйкес 6,4%-ды құрайды, ал мемлекеттіӊ республикалық бюджетінде 40%-ды құрайды. Оныӊ 3 трлн 47 млрд теӊгесі - бұл ағымдағы бағдарламалар, ал 57 млрд теӊге - даму бюджеті", - деп мәлімдеді вице-министр.

2018 жылға - 3 трлн 457 млрд теӊге, 2019 жылға - 3 трлн 947 млрд теӊге қарастырылған.

Вице-министр айтып өткендей, ДСИДМ-ніӊ шығындары екі бағытқа бөлінеді: бұл денсаулық сақтау саласы - 2017 жылғы шығындар 1 трлн 14 млрд теӊгені (32,7%) құрайды, және әлеуметтік еӊбек саласы - 2 трлн 90 млрд теӊге (67,3%).

"Денсаулық сақтау саласында айтарлықтай үлкен шығын үлесі (90%) кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін көрсетуге тиесілі - 915 млрд теӊге. Денсаулық сақтауға жұмсалатын қалған қаржы кадрларды дайындау, медициналық кадрлардыӊ біліктіліктерін арттыру, күрделі қаржы шығыны, денсаулық сақтау нысандарын құрастыру мен сейсмикалық күшейтуге бағытталады", - деді Б. Нұрымбетов.

Илеуметтік еӊбек саласында 96 пайыз немесе 1 трлн 998 млрд теӊгені жәрдемақы мен зейнетақы әлеуметтік төлемдері, сондай-ақ, зиянныӊ орнын толтыру құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны