07.02.2017, 18:59 5140

2017 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 60 млрд. теӊге бөлінді

2017 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 60 млрд. теӊге бөлінді. Оныӊ 40 млрд. теӊгесін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ екінші деӊгейлі банктер арқылы, ал 15 млрд. теӊгені ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тікелей ұсынуды жоспарлап отыр.

Астана. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендірудіӊ жаӊартылған бағдарламасын таныстыру мақсатында 2017 жылдыӊ 6 ақпанынан бастап еліміздіӊ барлық аймақтарына көшпелі насихат топтары аттанады,- деп хабарлайды"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ныӊ баспасөз қызметі.

Жаӊартылған несие пайыздары мен қаржыландырудыӊ шарттары туралы толық мағлұматты алғашқылардыӊ бірі болып Қарағанды облысыныӊ шаруалары алады. Таныстыру жұмыстарын "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ныӊ басшылық құрамы мен филиал директорлары жүргізеді.

2017 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 60 млрд. теӊге бөлінді. Оныӊ 40 млрд. теӊгесін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ екінші деӊгейлі банктер арқылы, ал 15 млрд. теӊгені ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тікелей ұсынуды жоспарлап отыр. Қалған 5 млрд. теӊге кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары мен аймақтық инвестициялық орталықтар арқылы үлестіріледі.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі мен оныӊ еншілес кәсіпорындары шаруаларды қаржыландыратын бағдарламалардыӊпайыздық мөлшерлемелерін оӊтайландыру мақсатындаәрдайым жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына берілетін пайыздық мөлшерлемелер төмендетілді.

Егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, несиелеу барысында басымдыққа ие болатын бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарын белгіледі.Олар: бірінші кезекте, егістік көлемі 407,7 мыӊ гектардан кем болмайтын майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр, соя). Екінші дақыл - арпа, оныӊ егістік көлемі 95 мыӊ гектардан кем болмауы тиіс. Одан бөлек, басымдыққа ие дақылдардыӊ тізімінде: қант қызылшасы, күріш, астыққа арналған жүгері, мақта, сұлы мен картоп бар.

Басымдыққа ие ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу 2017 жылдыӊ 1 сәуіріне дейін жүзеге асады. Бұдан соӊ қаржыландыру қалған дақылдарға жүргізіле бастайды. Шаруалардан өтініштерді қабылдау басталды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендірудіӊ жаӊартылған бағдарламасын таныстыру Қазақстанныӊ барлық аймақтарында 2017 жылдыӊ 20 ақпанына дейін жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны