17.04.2014, 19:53 3469

2017 жылы ҚР-да қазақстандық-ресейлік жоба бойынша 60 мың автокөлік шығарылады - К. Аксенов

Оның айтуынша, бұл жоба Қазақстанның жалпы ішкі өнімін 1,8 млрд. долларға ұлғайтуға және 12 мың қазақстандықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал екінші кезеңде зауыттың жобалық жылдық қуат 120 мың көлікке жеткізіледі.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. 2017 жылы ҚР-да қазақстандық-ресейлік жоба бойынша 60 мың автокөлік шығарылады . Бұл туралы "АЗИЯ АВТО" АҚ директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Константин Аксенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында мәлімдеді.

"2012 жылы Қазақстан мен Ресейдің IX өңіраралық ынтымақтастық форумында "Азия Авто" АҚ мен "АВТОВАЗ" ААҚ жылына 120 мың автокөлік құрастыратын толық циклды автозауыт құру туралы келісімге отырған болатын. Жобаның бірінші кезегі 2017 жылға дейін жүзеге асырылады және жылына 60 мыңға дейін көлік құрастырылатын болады", - деді К. Аксенов.

Оның айтуынша, бұл жоба Қазақстанның жалпы ішкі өнімін 1,8 млрд. долларға ұлғайтуға және 12 мың қазақстандықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал екінші кезеңде зауыттың жобалық жылдық қуат 120 мың көлікке жеткізіледі.

К.Аксеновтың айтуынша, мемлекетаралық келісімнің аясында зауыт өнімінің 50% Ресейдің Сібір және Қиыр Шығыс федеральдық округтерінде сатылатын болады. Және Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріне де шығарылады.

"Жобаның құны - 500 млн. доллар. Бүгінгі таңда 20 млн. доллар игеріліп отыр. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды, жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде және құрылыс жұмысы басталып кетті", деп түйіндеді өз сөзін К.Аксенов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны