15.07.2014, 23:11 2895

2017 жылы зейнетақы тағайындаудың жаңа тәртiбіне көшу көзделуде

Сонымен қатар, ведомство басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу әдiстемесiнің өзгеретінін және осы мақсатта 300 млрд. теңге бөлінгенін айтты.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. 2017 жылдың 1 шілдесiнен бастап базалық зейнетақыны жаңа тәртіппен тағайындау мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте барысында Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова мәлiм етті.

"2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеудiң жаңа әдiстемесiне көшемiз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан барлық қызметкерлерге жұмыс берушi тарапынан 5%-дық мiндеттi зейнетақы жарнасы төлене бастайды. Ал, еңбек өтiлi немесе зейнетақы жүйесiне қатысу уақыты 10 жылға дейiнгi азаматтарға ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50%-ы көлемiнде зейнетақы тағайындалатын болады. 20 жылдан астам өтiлi бар азамат 70%, ал 35 және одан артық уақыт еңбек өтiлi немесе зейнетақы жинақтау жүйесiне қатысып отырған азаматқа ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100% көлемiнде зейнетақы тағайындалады", - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу әдiстемесiнің өзгеретінін және осы мақсатта 300 млрд. теңге бөлінгенін айтты.

"Жаңа ең төменгі күн көріс әдістемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Кімде-кімнің еңбек өтілімі 35 жылдан асса, онда оған жаңа ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100% көлемiнде зейнетақы тағайындалады", - деп Т. Дүйсенова түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны