16.04.2014, 20:14 6373

2017 жылы жаппай декларациялауға өту көлеңкелі экономика мәселесін шешуге мүмкіндік береді - ҚР Ұлттық банкі

"Өздеріңізге де бегілі, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан жаппай кіріс пен шығыс қорытынысын декларациялауға көшеді. Яғни, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатаң талаптар қойылады: әрбір қазақстандық өзінің табысы мен шығыны туралы есеп беріп отыруға міндеттеледі", - деді Қ.Келімбетов.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаппай кіріс пен шығыс қорытынысын декларациялауға көшу туралы айтты. Оның мәліметінше, бұл көлеңкелі экономика мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

"Өздеріңізге де бегілі, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан жаппай кіріс пен шығыс қорытынысын декларациялауға көшеді. Яғни, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатаң талаптар қойылады: әрбір қазақстандық өзінің табысы мен шығыны туралы есеп беріп отыруға міндеттеледі", - деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, дамыған елдерде таяуда ғана осы бастаманы қолға алды. Осы арқылы олар өздерінің азаматтарына осындай қатаң талап қоя отырып тәртіп орнатты.

Ұлттық банк төрағасы атап көрсеткендей, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында тиісті заңнама қабылдануы тиіс. Одан кейін халық арасында түсіндіру жұмыстары басталады. Ал екінші жартыжылдықта капиталды заңдастыру науқанының өзі басталады. Жоспар бойынша аталған акция келесі жылы аяқталады. Ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан табыс көздерін жалпыға бірдей жариялауға көшеді. Одан кейін ондай шара шығыс көздеріне де қолданылмақ.

"Демек, сол кезден бастап әрбір азаматтың табысы мен шығысына қатысты қатаң талаптар болады. Біле-білсек, жақында ондай шаралар дамыған елдерде енгізілді. Олар да соның алдында халыққа ақша мен мүлікті заңдастырып алуға мүмкіндік берді", - деді Қ.Келімбетов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Капиталды заңдастыру үшін барлық жағдай жасалатын болады. Бұған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов атап көрсеткендей, ақшаны заңдастыратын азаматтар қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазадан босатылады.

"Ол ақша туралы есеп берудің қажеті жоқ. Өкінішке қарай, қазір ел аумағынан қанша ақшаның кеткені және қай жерге құйылғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда біз шамамен есептеп көрдік. Егер біз бәрін дұрыс жеткізе алатын болсақ, ақшаны заңдастыратын азаматтарға кепілдік беріп, халықты сендіре алсақ, ол науқаннан миллиардаған доллар түседі", - дейді Ұлттық банк төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны