18.07.2018, 17:12 10040

2018-2019 жылдары Ақтөбе облысында 6,4 млрд. теӊге сомасына 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады

Ақтөбе облысындағы 374 елдімекенніӊ 115-не газ тартылған, оларда 752 мыӊнан астам адам тұрады.

Ақтөбе. 18 шілде. Kazakhstan Today - 2018-2019 жылдары Ақтөбе облысында 6,4 млрд. теӊге сомасына 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Дастан Аманов хабарлады.

Оныӊ айтуынша газ құбырларыныӊ жалпы ұзындығы 6 270 км құрайды. Ақтөбе облысындағы 374 елдімекенніӊ 115-не газ тартылған, оларда 752 мыӊнан астам адам тұрады.

"2018 жылы жалпы сомасы 483,2 млн.теӊге болатын 3 ауыспалы жобаны, оныӊ ішінде, Ийтеке би ауданыныӊ Аралтөбе ауылына газ жеткізу құбырыныӊ, Ийтеке би ауданыныӊ Аралтөбе ауылындағы кентішілік газ құбырыныӊ және Хромтау ауданыныӊ Жазық ауылындағы Ийтеке би ауданыныӊ Аралтөбе ауылына кентішілік газ құбырыныӊ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Екі жыл ішінде жалпы сметалық құны 6,4 млрд.теӊге болатын 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады", - деді Дастан Аманов.

Олардыӊ арасында Ийтеке би, Алға, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Қобда аудандарыныӊ ауылдарына газ жеткізу және кентішілік құбырлар құрылыстары бар. 14 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оларды пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындарды газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету 89% құрайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды табиғи газға көшіру жөнінде де шаралар алынуда. Бүгінгі таӊда 38 әлеуметтік нысанныӊ 28-і газға ауыстырылды.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны