27.12.2017, 13:31 5664

2018 жылдыӊ 1 қаӊтардан бастап 16 кедендік процедураныӊ ішінен тек экспорт қана электронды форматта іске қосылады

Мемлекеттік кіріс комитетінде ҚР және ЕАЭО кедендік заӊнамаларын түсіндіру бойныша 24 сағат жұмыс істейтін Call-орталық іске қосылмақ.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today -"Атамекен" ҰКП алаӊында "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарушы директоры-Кедендік әкімшілендіру департаментініӊ директоры Дина Мамашева, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетініӊ төрағасы Ардақ Теӊгебаев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасыныӊ орынбасары Госман Имрин, сондай-ақ бизнес пен қауымдастық өкілдерініӊ қатысуымен Кедендік процедуралардыӊ электронды форматқа өтуі жайлы мәселе талқыланды.

Жаӊа бағдарламаны тестілеуге қатысқан кәсіпкерлердіӊ бағалауынша, "Астана-1" ақпараттық жүйесі 20-30% ғана пайдалануға дайын. Сондықтан 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап "Астана-1" ақпараттық жүйесін іске қосу мүмкін емес.

"Бәріӊізге белгілі 21 желтоқсан күні Кеден заӊнамасы қабылданды. Енді жаӊа заӊнамаға сәйкес 1 қаӊтардан бастап кедендік процедуралар электронды форматқа ауысу керек. Алайда бірқатар қиындықтар туындап отыр. Біріншіден, нормативтік құқықтық базаныӊ барлығы әлі дайын емес, ол екі ай ішінде жетілдіріледі. Өйткені 21 желтоқсан күні ғана заӊнама қабылданды. Екіншіден, ақпараттық жағы реттелуі керек. Үшіншісі ішкі қатынас пен коммуникациялар жөнінде болмақ. Осы сұрақтар бүгін талқыланбақ. Кедендік процедураларды енгізу бизнесті біршама алаӊдатады. Бұл жұмыс бизнеске қатты соққы жасамауы керек", - деді Дина Мамашева.

Айта кетелік, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кедендік 17 процедураныӊ барлығы электронды декларациялауға өтуі тиіс, "Астана-1" пилоттық жобасы Қазақстанныӊ барлық аймағына таралуы керек. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті кедендік транзит процедурасына қатысты алғашқы пилоттық жобаны транзит процедурасы бойынша бірінші рет қазан айында қосқан еді, одан кейін 28 қарашадан кедендік 16 процедура пилоттық тәртіппен пайдаланыла бастады. "Астана-1" ақпарттық жүйіесініӊ "Кеден транзиті" модулін қосу 2,5 айға созылғанын атап өту керек. Алайда басқа процедуралар бойынша электронды форматқа өтуге жүйе дайын емес.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетініӊ төрағасы Ардақ Теӊгебаев ақпараттық жүйе ЕАЭО заӊнамасына сәйкес реттелді деді.

"Ирине біз жүйені ҚР заӊнамасы мен ЕАЭО заӊнамасына сәйкес негіздедік. Изірлеушілер 20 желтоқсан күні жүйе дайын болады деген болатын. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. 1 қаӊтарға дейін дайын емеспіз. Бұл міндетті Үкімет алдында бітіруіміз керек еді. Біз Мемлекеттік кіріс комитеті ретінде осыған дайндалған едік. Кедендік транзитті 1 қазаннан басап енгізген болатынбыз. Кедендік транзит "Астана-1" жүйесі бойынша жақсы жұмыс істеп тұр. 10 желтоқсан күні әзірлеушілерден хат келді. Онда айтылғандай, "Астана-1" жобасы кезеӊ- кезеӊмен ғана енгізіледі. Сонымен 1 қаӊтар күні тек экспорт процедурасы ғана электрондық форматта іске қосылады", - деді Ардақ Теӊгебаев.

Кедендік бақылау департаментініӊ кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығыныӊ орынбасары, "Астана -1" ақпараттық жүйесі жобасыныӊ жетекшісі Үмітгүл Губашева тауарларды электронды декларациялау ыӊғайлы платформаны қамтамасыз етіп, шығындарды азайтуға жол ашатынын атап өтті.

Енгізілмек жобаныӊ олқылықтары мен кемшіліктерін Қазақстанныӊ Кедендік брокерлері/өкілдерініӊ қауымдастығы Заӊды тұлғалар бірлестігі кеӊесініӊ төрағасы Геннадий Шестаков тізіп шықты.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасыныӊ орынбасары Госман Имрин "Астана-10" ақпараттық жүйесінде кемшіліктер бар екенін растады. Оныӊ айтуынша кез- келген ақпараттық жүйені іске асырарда техникалық олқылықтар болып жатады.

Ал БҚО ірі экспорттаушысы болып табылатын "Жайықмұнай" ЖШС-ныӊ кедендік рәсімдеу бойынша бас маманы Алмагүл Ескенованыӊ айтуынша "Астана-1" жүйесін тестілеу басталғаннан бастап "Жайықмұнай" ЖШС тек бір ғана декларацияны толтыра алған. Оныӊ өзі жүйеніӊ "айтқанын" орындау арқылы жүзеге асқан. Кедендік декларацияны толтыруда көп олқылықтар байқалған. Бір декларацияны толтыруға 20 минуттан 2 күнге дейін уақыт кетеді дейді ол.

Госман Имрин "Жайықмұнай" ЖШС ескертпелері қарастырылатынын жеткізді.

Сонымен қатар "Астана-1" жүйесіне қатысты олқылықтарды бизнес өкілдері Б.Зүлпібеков ("Центр специалистов" ЖШС), А.Новиков ("Филип Моррис Казахстан" ЖШС), А.Ходжамбердиев, В.Василенко ("Sector-3" ЖШС), И.Дымова ("ССГПО" ЖШС), А.Жамашева ("АОЗТ КПО") атап өтті.

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарушы директоры-кедендік әкімшілендіру департаментініӊ директоры Дина Мамашеваныӊ айтуынша, Ұлттық палатаға сараптамалық мақсатта Кедендік кодекстегі 93 нормативтік актініӊ 72-сі түскен. Бизнес-қауымдастыққа аталған актілерге назар аударып, ескертпелер мен өзгертулер жайлы ұсыныстарын Ұлттық палатаға жолдау ұсынылды.

Сонымен қатар ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаменті директорыныӊ орынбасары Эльвира Каримова ЕЭК-тіӊ ЕАЭО Кедендік кодексінде қарастырылған басым шешімдерді қабылдау процессі туралы ақпарат берді. Эльвира Каримова сөзініӊ қорытындысы бойынша Мемлекеттік кіріс комитеті барлық ЕЭК басым шешімдерініӊ күшін жою және ЕЭК шешімдерініӊ ережелерін ескере отырып, ЕЭК шешімдерініӊ ережелерін іске асыруға сәйкес "Астана-1" ақпаратық жүйесініӊ дайындығы туралы Ұлттық палатаға хабарлау туралы шешім қабылданды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Мемлекеттік кіріс комитеті бизнестіӊ ескертпелерін ескере отырып, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарында кедендік 17 процедураныӊ ішінен тек экспорт пен транзит процедурасы ғана іске қосылады деп хабарлады. Сонымен қатар Мемлекеттік кіріс комитетінде ҚР және ЕАЭО кедендік заӊнамаларын түсіндіру бойныша 24 сағат жұмыс істейтін Call-орталық іске қосылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны