08.01.2018, 14:00 5627

2018 жылдыӊ 1 - қаӊтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы 6% -ға өсті

2018 жылы 1 - шілдеден бастап зейнетақыныӊ орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мыӊ теӊгені құрайтын болады.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today -2017 жылы 2 млн.-нан астам зейнеткерлердіӊ зейнетақы көлемі 20%-ға дейін артты. Ал, жалпы зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттыӊ жалпы көлемі 1,6 трлн. теӊге болды.

2018 жылдыӊ 1 - қаӊтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы 6% -ға өсті.

2018 жылдыӊ 1 - шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 - қаӊтарға дейінгі еӊбек өтілін және 1998 жылғы 1 - қаӊтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақыныӊ өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 - шілдеден бастап зейнетақыныӊ орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мыӊ теӊгені құрайтын болады.

Биыл, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 трлн.-нан астам теӊге қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны