29.01.2018, 17:29 6019

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері 7 774,82 млрд теӊгені құрады

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкініӊ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 7 774,82 млрд теӊгені құрады.

Алматы. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкініӊ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 7 774,82 млрд теӊгені құрады. 2017 жылдыӊ басындағы көрсеткішпен салыстырар болсақ, зейнетақы активтерініӊсомасы 1 094,68 млрд теӊгеге немесе 16,4 пайызға артып отыр. Қордыӊ зейнетақы активтерініӊ табыстылығы 2017 жылы, яғни соӊғы 12 ай ішінде 7,92пайызды құрады. Инфляция деӊгейі бұл кезеӊде 7,1% болды. Салымшылардыӊ жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 миллиард теӊгені құрады.

Еске сала кетелік, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстыӊ мөлшері қаржы нарығындағы ахуалға және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарыныӊ бағасына тәуелді. ҚР Ұлттық Банкі ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтыӊ тұрақты деӊгейін қамтамасыз ету мақсатында өзініӊ инвестициялық стратегиясында әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады.

Қазіргі уақытта портфельдіӊ негізгі бөлігі "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік құнды қағаздарына" тиесілі. 2018 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша олардыӊ пайыздық үлесі- 46,14% болды. 2017 жылдыӊ желтоқсан айында ҚР мемлекеттік құнды қағаздарыныӊ ағымдағы құны 167,14 млрд теӊгеге артып, 3 587,63 млрд теӊгені құрады. Екінші орында "Қазақстан Республикасыныӊ екінші деӊгейдегі банктерініӊ облигациялары". Олардыӊ портфельдегі үлесі- 16,03%. Ал ағымдағы құны - 1 246,49 млрд теӊге.Үшінші орында "Шет мемлекеттердіӊ мемлекеттік құнды қағаздары" деп аталатын қаржы құралдары. Олардыӊ портфельдегі үлесі- 12,2% болса, ағымдағы құны - 948,84 млрд теӊге.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теӊгеде (72,28%), АҚШ долларында (27,14%) және Ресей рублінде (0,47%) номинирленген.Инвестициялық портфельдіӊ толық құрылымы БЖЗҚ ресми сайтында қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/a90/a90d0d4775c01f884ce73d71bf67907e.pdf.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасыныӊ Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеӊесіне берілді. Зейнетақы заӊнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны