28.09.2018, 14:10 5584

2018 жылдыӊ 1-қазанынан бастап Қазақстанныӊ кәсіпкерлері ескі кассалық аппараттарын жаӊа онлайн үлгісіне айырбастаулары тиіс

2018 жылдыӊ 1-қазанынан бастап Қазақстанныӊ 65000 кәсіпкерлері өздерініӊ ескі кассалық аппараттарын жаӊа - онлайн үлгісіне айырбастаулары тиіс. Ал, 2020 жылға дейін қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін барлық кәсіпкерлерді, олар 400 000 кәсіпкер, онлайн-кассаға көшіру жоспарланған.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 1-қазанынан бастап Қазақстанныӊ 65000 кәсіпкерлері өздерініӊ ескі кассалық аппараттарын жаӊа - онлайн үлгісіне айырбастаулары тиіс. Ал, 2020 жылға дейін қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін барлық кәсіпкерлерді, олар 400 000 кәсіпкер, онлайн-кассаға көшіру жоспарланған.

Салық мамандары кәсіпкерлер үшін кезекті тосынсый дайындап отыр, өйткені кассалық аппараттарды ауыстыру туралы халыққа тамыз айыныӊ аяғында ғана хабарланды. Кәсіпкерлер мен кассалық аппарат жеткізушілерініӊ мұныӊ бәрін атқаруға бір айдай ғана уақыты бар, өйткені талапты орындамағандарға 1-қазаннан бастап салық мамандары жаппай айыппұл сала бастайтын болады. Меніӊ топшылауымша, 65000 кәсіпкердіӊ өз кассалық аппараттарын ауыстыруы үшін әлі 2-3 ай уақыт қажет. Еӊ бастысы, зауыттар бұл аппараттарды жасап шығарып үлгеруі керек,- дейді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығыныӊ директоры Дмитрий Казанцев.

Қазақстанда кассалық аппараттардыӊ орташа бағасы бүгінде 70000-80000 теӊге аралығында, мұныӊ өзі шағын бизнес үшін өте үлкен салмақ, баға да тұрақсыз, бірде жоғары, бірде төмен. Қазақстандағы кассалық аппараттар негізінен Ресей мен Беларусь елдерініӊ өнімдері болғандықтан , баға да долларға тәуелді екені белгілі.

Біз, (Республикалық Кәсіпкерлерге Көмек көрсету Орталығы) кәсіпкерлер кассалық аппараттарын өздеріне ыӊғайлы болатындай ауыстыра алуы үшін жұмыс істедік. Осы мақсатта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Қазақстан кәсіпкерлерініӊ форумыныӊ" қолдауымен "QAZAQ KKM" кассалық аппаратыныӊ жаӊа қазақстандық онлайн-брендін (өнім Webkassa платформасында жүзеге асырылған) іске қостық. Бұл онлайн кассалық аппараты кез-келген мобильдік құрылғыда жұмыс істейді,оныӊ үстіне ол Қазақстанда жасалған, сондықтан да оны "20-20-10" бағдарламасы бойынша бөліп төлеу арқылы алуға болады , яғни, кәсіпкер онлайн кассаны 3 транш арқылы сатып ала алады. Бөліп төлеп алудыӊ бұл бағдарламасына біз ешқандай қаржы мекемелерін қосқан жоқпыз, бүкіл салмақты РКККО өз мойнына алып отыр. Біз кез-келген кәсіпкердіӊ , оныӊ несиелік тарихына,немесе зейнеткерлік төлемдеріне қарамастан, онлайн кассаны бөліп төлеу бағдарламасы арқылы ала алатынына кепілдік береміз. Қазақстанныӊ барлық кәсіпкерлері бүкіл Қазақстандағы РКККО бөлімшелеріне барып, онлайн кассалық аппараттарын бөліп төлеу бағдарламасы бойынша ала алады.

"QAZAQ KKM" онлайн-кассалары бренді арқылы РКККО кәсіпкерлерге кем дегенде 30 000 теӊге үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда 1 950 000 000 теӊге кәсіпкерлердіӊ өздерінде қалуы мүмкін.

Қазақстанды цифрландыру - қажеттілік және бұл дұрыс қадам. Ол бизнес үшін өте жеӊіл әрі ауыртпалықсыз өтуі тиіс - РКККО өз алдына осындай мақсат қойып отыр,- дейді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығыныӊ директоры Дмитрий Казанцев.

РЕСМИ АҚПАРАТ:

ҚР Қаржы министрлігініӊ 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығымен ҚР Қаржы министрініӊ 2018 жылғы 16 ақпандағы "Қазақстан Республикасы аумағында салық төлеушілер ақша есептесу кезінде тіркеу немесе мәліметтерді беру функциясы бар бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын қызмет түрлерін бекіту" атты № 206 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл бұйрық 2018 жылғы 1- қазаннан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға міндеттелінеді. Қызмет түрлерініӊ тізімі жаӊа қызмет түрлерімен толықтырылған:

11 Автокөліктерді және жеӊіл автокөлік құралдарын сату

12 Техникалық қызмет көрсету және автотранспорт құралдарын жөндеу

13 Автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектердіӊ көтерме-саудасы

14 Автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектердіӊ бөлшек-саудасы

15 Сусындардыӊ көтерме саудасы

16 Фармацевтік тауарлардыӊ көтерме саудасы

17 Тоқыма бұйымдар саудасы

18 Лак-бояу материалдарыныӊ,әйнектердіӊ,химиялық өнімдердіӊ саудасы

19 Киім саудасы

20 Фармацевтік тауарлардыӊ бөлшек саудасы

21 Сағат және зергерлік әшекейлер саудасы

22 Ломбардтар қызметі

23 Жылжымайтын мүлік операциялары бойынша агенттіктер қызметі

24 Жылжымайтын мүлікті сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде басқару

25 Жарнамалық агенттіктер қызметі

26 Құмар ойындар мен бәс тігу бойынша қызмет

27 Уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасын ауыстыру операцияларын ұйымдастыру қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны