17.07.2018, 21:46 7282

2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС 14 миллион 507 мыӊ тонна кен өндірді

Кенді қайта өӊдеу жоспары 92,8 мыӊ тоннаға артығымен орындалды. Қайта өӊдеудіӊ жалпы көлемі 15 миллион 51 мыӊ тоннаны құрады.Қайта өӊделген кендегі мыстыӊ орташа құрамы - 0,93%.

Қарағанды. 18 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы қызметініӊ нәтижесінде "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС кен өндіру өндірістік жоспарын орындап, барлығы 14 миллион 507 мыӊ тонна кен өндірді.

Кенді қайта өӊдеу жоспары 92,8 мыӊ тоннаға артығымен орындалды. Қайта өӊдеудіӊ жалпы көлемі 15 миллион 51 мыӊ тоннаны құрады.Қайта өӊделген кендегі мыстыӊ орташа құрамы - 0,93%.

Шығарылған таза мыстыӊ көлемі 104 116 тоннаға жетіп, жоспардағы көрсеткіштен 7 027 тоннаға артты. Концентраттағы мыс 123 056 тоннаны құрады, жоспардан 4 261 тоннаға артығымен орындалды.

- Жыл аяғында ЖМЗ-ныӊ екінші пешін іске қосуды жоспарлап отырмыз, осылайша Жезқазған мыс балқыту зауыты жүз пайыздық қуатпен жұмыс істейтін болады. Ал, "KazakhmysEnergy" барлық жоспарланған күрделі жөндеу жәнетурбоагрегаттарды іске қосу жұмыстарын қатаӊ жоспар бойынша жүзеге асыруда. Жыл соӊына дейін Жезқазған ЖЭО-дағы қосымша агрегатты іске қосып, Топар ЖЭО жаӊғыртуды толығымен аяқтаймыз,-деп мәлімдеді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарушы кеӊесініӊ Бас директоры Бақтияр Қырықпышев.

Қазақмыс корпорациясы - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өӊдеу бойынша жетекші компания, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. Компания құрамындаон үш кеніш, төрт тау-кен байыту фабрикасы бар. Қазақмыс кен өндіретін және оны тауарлы металл түрінде қайта өӊдейтін өндірістік нысандарды басқарады. Корпорация қызметкерлерініӊ жалпы саны шамамен 34 000 адам.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны