10.12.2018, 01:09 6181

2018 жылғы қаӊтар-қарашада Қазақстан Республикасында инфляция 4,6%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он бір айда (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) - 3,8%, азық-түлік емес тауарларына - 5,9%, ақылы қызметтерге 4,2%-ға өсті.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы қаӊтар-қарашада Қазақстан Республикасында инфляция 4,6%-ды құрады.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он бір айда (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) - 3,8%, азық-түлік емес тауарларына - 5,9%, ақылы қызметтерге 4,2%-ға өсті.

Ағымдағы жылдыӊ басынан (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) бағаныӊ өсуі қантқа - 21,2%, қырыққабатқа - 13,3%, мәйекті ірімшікке - 11,3%, консервіленген сүтке - 9,8%, қышқыл сүт өнімдеріне - 6,7%, жаӊа сауылған сүтке - 6,6%, сары майға - 8,8%, күнбағыс майына - 6,6%, жұмыртқаға - 3,8%, жылқы етіне - 9,1%-ға, ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне - 6,6%-дан, шошқа етіне - 6,2%, сиыр етіне - 5,9%, қой етіне 5,6%-ға белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі қарақұмық жармасына 21,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге - 8%, құрылыс материалдарына - 7,2%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға - 6,8%-дан, тоқыма бұйымдарына - 6,4%, жеке қолданатын тауарларға - 5,9%, кеӊсе тауарларына - 5,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 5,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 4,9%-ды құрады. Дизель отыны - 28,8%, тас көмір - 7,1%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.

Баға деӊгейі кабельдік телевизия қызметтеріне - 11,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 6,7%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне - 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесініӊ қызметтеріне - 5,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 5,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне - 4,4%, санаторийлер қызметтеріне 3,6%-ға өсті. Жолаушылардыӊ әуе көлігімен жол жүру ақысы - 18,7%, темір жол көлігімен - 9%, қалааралық автобус - 7,5%, ішкі қалалық автобуспен 4,9%-ға қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны