29.06.2018, 23:26 2972

2018 жылы Ақтөбе облысыныӊ Мәртөк ауданына 5,2 млрд. теӊге инвестиция тарту жоспарлануда

2018 жылдыӊ бес айы ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,6 млрд.теӊгені, тартылған инвестиция 1,9 млрд.-қа жуық теӊгені құрады. Бұл 2017 жылдыӊ осындай мерзімімен салыстырғанда 703,1 млн.теӊгеге көп. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 5,2 млрд.теӊге көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар.

Ақтөбе. 29 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылы Ақтөбе облысыныӊ Мәртөк ауданына 5,2 млрд. теӊге инвестиция тарту жоспарлануда.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірліӊ коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәртөк ауданыныӊ әкімі Жандос Байырханов хабарлады.

Оныӊ айтуынша 2018 жылдыӊ бес айы ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,6 млрд.теӊгені, тартылған инвестиция 1,9 млрд.-қа жуық теӊгені құрады. Бұл 2017 жылдыӊ осындай мерзімімен салыстырғанда 703,1 млн.теӊгеге көп. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 5,2 млрд.теӊге көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар.

Бөлшек сауда көлемі 1,1 млрд.теӊгені құрады, 15 ауылшаруашылық жәрмеӊкесі өтіп, 10,9 млн.теӊгеге өнім сатылды.

"Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 555,7 млн. теӊгеге (227,6 %) орындалды. Қазіргі кезде 60 орындық интернаты бар 320 орындық мектеп, Сарыжар ауылында ауылдық клуб, Мәртөк ауылында 136 учаскеге газ құбырын және 103 учаскеге электр желілерін салу, Қызылжар ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құмсай және Ақмоласай ауылдарында су құбыры желілері құрылысына, екі пәтерлі 8 жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердіӊ құрылыстарына, Құмсай ауылындағы электр желілеріне, Вознесеновка, Достық және Құмсай ауылдарына тартылатын газқұбырыныӊ құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. 7100 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, биылғы жылдыӊ соӊына дейін 2,5 млрд.теӊгеге 18000 шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланып отыр", - деді Жандос Байырханов.

Ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 4,2 млрд.теӊгені құрады, 2,9 мыӊ тонна ет, 14,3 мыӊ тонна сүт өндіріліп, 1,7 млн.дана жұмыртқа алынды. Мемлекеттік бағдарламалар тиімді пайдаланылып, шағын және орта бизнес дамып келеді.

Жұмысқа орналастыру шаралары қабылданып жатыр. 2018 жылдыӊ бес айы ішінде ауданныӊ 855 тұрғыны жұмысқа орналасты, 273 жаӊа жұмыс орны ашылды. Жаӊа үлгідегі атаулы көмекпен 1099 адам қамтылды.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны