18.07.2018, 17:03 12146

2018 жылы Ақтөбе облысыныӊ сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6,0 млрд. теӊге жұмсалады

Сол сияқты, 269,4 км сумен жабдықтау желілері салынып, 41,4 км сумен жабдықтау желілері қайта жарақтандырылатын болады. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 82,6% құрайды.

Ақтөбе. 18 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылы Ақтөбе облысыныӊ сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6,0 млрд. теӊге жұмсалады.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Дастан Аманов хабарлады.

Оныӊ айтуынша, өӊірде 374 елдімекен болса, соныӊ 190-ы орталықтандырылған сумен жабдықталған, 184-і орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады. 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаудағы қол жетімділік қалалық елдімекендерде 100%, ауылдық жерлерде - 79,5% құрайды, орталықтандырылған су тарту жүйесі қалалық елдімекендерде 99,5%, ауылдық елдімекендерде - 24,1% құрайды.

"2018 жылы облыстыӊ сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6 млрд.теӊге бөлінді. "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданыныӊ Қандыағаш қаласы мен Жағабұлақ ауылында 2 жоба жүзеге асырылуда. "2020 жылғы дейін өӊірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша облыстыӊ барлық аудандарында және Ақтөбе қаласында 25 жоба іске асырылуда, оныӊ 6-ы 2019 жылға ауыстырылған жобалар болып табылады. Биылғы жылы Ырғыз ауданыныӊ Белшер ауылындағы су құбырлары желісініӊ құрылысы аяқталады, Ырғыз ауданыныӊ Нұра және Мамыр ауылдарыныӊ тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады", - деді Дастан Аманов.

Сол сияқты, 269,4 км сумен жабдықтау желілері салынып, 41,4 км сумен жабдықтау желілері қайта жарақтандырылатын болады. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 82,6% құрайды.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны