11.10.2018, 12:41 4508

2018 жылы ақтөбелік кәсіпкерлерді шағын несиелендіру үшін 1 млрд теӊгеден астам қаржы бөлінді

Оныӊ айтуынша өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік басқармасы "Даму" қорымен бірлесіп, Ақтөбе қаласы мен Хромтау қаласыныӊ кәсіпкерлерін шағын несиемен қамтуды арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Ақтөбе. 11 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылы ақтөбелік кәсіпкерлерді шағын несиелендіру үшін 1 млрд теӊгеден астам қаржы бөлінді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасыныӊ басшысы Анар Даржанова мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік басқармасы "Даму" қорымен бірлесіп, Ақтөбе қаласы мен Хромтау қаласыныӊ кәсіпкерлерін шағын несиемен қамтуды арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Осыған байланысты 17 қазан күні Хромтау қаласында ашық есік күнін өткізу жоспарлануда.

"Ағымдағы жылы үш жылдан аспайтын мерзімге тіркелгенАқтөбе және Хромтау қалаларыныӊ жұмыссыз және ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлеріне шағын несие беру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 1 млрд теӊгеден астам қаржы бөлінді. Бұл жұмыс "Еӊбек" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлерболашағы бар перспективті жобаларымен "Даму" қорына жүгіне алады. Осы мақсатта 17 қазан күні Хромтау қаласында екінші деӊгейдегі банктер және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ АФ мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ АФ қатысуымен ашық есік күні өтеді", - деді Анар Даржанова.

Бағдарлама аясында туындаған мәселелердіӊ жолын шешу үшін, жаӊа жұмыс орындарын ашу мақсатында кәсіпкерлерді кепілдендіру тетігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ АФ жүзеге асырылады. Ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері шағын несие құныныӊ 85% - на дейін, ал жұмыс істеп тұрғандар үшін-50% - ға дейін құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны