09.08.2018, 19:58 4622

2018 жылы теміржол көлігімен 10 миллион тонна астық және майлы дақылдар тасымалдауды жоспарлап отыр

Қостанай облысы әкімшілігінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдері жүк жөнелтушілердіӊ қатысуымен өткізілген кеӊесте жаӊа астықты тоқтаусыз тасымалдау жайын талқылады.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысы әкімшілігінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдері жүк жөнелтушілердіӊ қатысуымен өткізілген кеӊесте жаӊа астықты тоқтаусыз тасымалдау жайын талқылады.

2018 жылы теміржол көлігімен 10 миллион тонна астық және майлы дақылдар тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары көрсеткіш.

Негізгі астықты өӊірлер Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары болып табылады. Кеӊес қатысушылары жылжымалы құрамды тиімді пайдаланып, тасымалдау сапасын көтеруді қарастырды.

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ бас директорыныӊ орынбасары Сағындық Жұмабаев вагондардыӊ жетіспеушілігі станциялық және кіре беріс жолдарда жүктердіӊ тиелуі мен түсірілуін күтіп қалуынан деп есептейді.

"Осы қолданыстағы вагондар дер кезінде астық тасымалдауға жеткілікті. Бастысы - оны тиімді пайдалану. Бұл өз кезегінде жүк жөнелтушілер мен элеваторлардыӊ жүк тиеуді мерзімінде ұйымдастыруына байланысты",- дейді С. Жұмабаев.

С. Жұмабаевтыӊ хабарлауынша, ағымдағы жылғы 1-қазаннан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да астық тасымалдауды ұйымдастыру штабы жұмыс істейді. Қостанай, Ақмола теміржол бөлімшелерінде астықты тәулік бойы тасымалдауды ұйымдастыру штабтарын құру ойластырылуда.

С. Жұмабаевтыӊ хабарлауынша, астық тасымалдаудыӊ жаӊа технологиясы енгізілді. Оныӊ ішінде Құрық- Алят- Ахалкалаки -Карс- Мерсин бағдарында контейнерлік тасымал ұйымдастырылды. Болашақта аталмыш бағдарға айына 10 мыӊ тонна астық тасымалдау жоспарланып отыр.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердіӊ бәсекелестігін көтеру үшін таяу және алыс шетелдерге тасымалдау тарифын төмендету көзделуде. Қазіргі таӊда мұндай тарифтік жеӊілдік Ауғанстан мен Иранға астық пен ұн өнімдерін тасымалдау жасалып отыр.

Жүк жөнелтушілерге жүктерін тасымалдау үшін басқа да меншік иелерімен келісімдер жасау ұсынылды.

Кеӊесті қорытындылай келе Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Мұхамбетов жүк жөнелтушілерге жүк тиеу, түсіруді бақылауда ұстау тапсырды.

Кеӊес қатысушылары мұндай талқылаулардыӊ тиімділік әкелетіндігін атап өтті. Исіресе, жүк тасымалдаушылар, өздеріне қажетті ақпараттарға қанықса, теміржолшылар қызмет көрсету сапасын жақсартуға қатысты тиімді мәліметтер алады.

"Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны