20.04.2020, 18:39 8142

2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде "Самұрық-Энерго" АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн. теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды

2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде "Самұрық-Энерго" АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн. теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Энергетика саласында пайдалануға бағытталған өнім шығарушы қазақстандық кәсіпорындар күрделі өндірістік жобаларды барған сайын батыл игеріп келеді. Отандық компаниялардың технологиялық дамуы мен қосылған құны жоғарырақ өнім шығаруына былайша айтқанда off-take (оффтейк) шарттар механизмі оң ықпал етуде. 2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде "Самұрық-Энерго" АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн. теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды.

Өзінің электр станцияларын, көмір кеніштерін және энергия беретін компанияларын жабдықтау үшін аса ірі электр энергетикалық холдинг тауарлардың кең спектрін - радиостанциялар мен изоляторлардан бастап электродтар мен трансформаторларға дейін сатып алу туралы серіктестік қатынастарын ресімдеді.

"Оффтейк-шарт" - импорт алмастыру жобаларына қатысушы кәсіпкерлерді тапсырыс беру арқылы қолдаудың жақсы құралы. Яғни, жоба іске асырылғаннан кейін өнім жеткізілетін және оның құны төленетін ұзақ мерзімді шартты білдіреді.

Импорт алмастыруды дамыту отандық өндірісті қолдаудың өту маңызды аспектісі болып табылады. "Самұрық-Энерго" АҚ-да импорт алмастыру және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері бойынша Жергілікті жобалау офисі құрылған, Қазақстандық өндірушілермен жасалған әлгі 8 оффтейк шарт соның жұмысының нәтижесі. Бұл орайда, импорт алмастыруға жататын тауарларды сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер қатарынан шығаруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның құрамындағы энергия беруші компания - "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ сатып алынатын жұмыстардан Қазақстанда жасалмайтын "Трансформатор" позициясын шығарып тастады және осындай позиция бойынша өндіріс орнын құрған отандық жеткізіп берушіні сомасы 485 млн. теңге болатын тапсырыспен қамтамасыз етті.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Дархан Сағындықовтың сөзінше, оффтейк шарттар механизмі бүгінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алу жүйесіне белсенді түрде енгізілуде, бұл отандық бизнеспен ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге көтеруге, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Қазақстанда бұрын-соңды болмаған өндіріс түрлерін игеруге мүмкіндік береді.

Қор 2020 жылды Отандық өндірушілерді қолдау жылы деп жариялағаны мәлім. Қордың компаниялары негізгі тапсырыс беруші ретінде экономиканың сауда, қызмет көрсету және өнеркәсіп секторларының едәуір бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2020 жылдың басынан бергі уақыттың өзінде-ақ "Самұрық-Энерго" АҚ тобының электр энергетикалық кәсіпорындары холдингтің тауар өндірушілерін сомасы 2,5 млрд.теңгеден астам тапсырыспен қамтамасыз етті.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны