25.05.2020, 18:26 7184

Ақмола облысында 2019-2020 жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтті

Облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдіктері келесі жылу маусымына дайындықты бастау керек деп атап өтті.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында 2019-2020 жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтті.

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Иван Юрченко жылу беру маусымы қалыпты түрде өтті, Бұланды ауданы Макинск қаласындағы №5 мектепке және Зеренді ауданы Бірлестік мектебіне энергиясын жеткізудегі бұзушылықтарды қоспағанда, жылу энергиясымен жабдықтауда кемшіліктер болған жоқ деп хабарлады.

2019-2020 жылыту маусымының басында барлық жылумен жабдықтау нысандары уақытында дайындалды (666 қазандық, 721 білім беру нысандары, 556 денсаулық сақтау нысандары, 567 әлеуметтік нысандар, 2353 тұрғын үй), стандартты көмір қоры құрылды (тұрғындарға көмір сұранысы - 662 мың тонна) , коммерциялық кәсіпорындар үшін - 730 мың тонна).

Мемлекеттік сектордағы қазандықтарды "Орталық жылу тарату компаниясы" ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына беру туралы айтпай кету мүмкін емес.

2017 - 2019 жылдар аралығында Целиноград, Бұланды, Шортанды, Зеренді, Есіл, Аршалы және Бурабай аудандарының әкімдіктері 293 білім беру нысандарының қазандықтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстар жүргізді. Аудан және қала әкімдіктеріне қазандықтарды сенімгерлік басқаруға берудің оң тәжірибесін қабылдау қажет, сонымен бірге үлкен жылу көздерін (мысалы, Шантөбе, Щучинск, Бурабай, Көкшетаудағы РК1,2) қазандықтарды беру мәселесін қарастыру қажет екендігі айтылды.

Облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдіктері келесі жылу маусымына дайындықты бастау керек деп атап өтті.

"Аудан әкімдеріне қазандықты жөндеу және келесі жылыту маусымына дайындық мәселесін жеке бақылауға алу қажет. Біздің көмегіміз қажет жерде, атап айтқанда Бурабай ауылындағы қазандықты жөндеуде біз республикадан қаражатты дұрыс бөлуді сұраймыз", - деп атап өтті облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны