21.01.2019, 21:23 8747

2019 жылы Қазақтелеком мен Эйр Астана IPO-ға шығарылады

Еншілес компаниялардыӊ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл Қор тобыныӊ қарызын 1 трлн теӊгеге азайтуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде сыртқы қарыз көлемі 3,2 млрд АҚШ долларына төмендетілді. Мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыз көлемі 331 млрд теӊгеден 66 млрд теӊгеге дейін немесе 80% төмендетілді.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ-да 2018 жылғы жұмыстыӊ қорытындысы бойынша жиналыс өтті. Оған ірі қоржындық компаниялардыӊ басшылары қатысты.

"Бірінші кезекте өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштердіӊ өсімін атап өткім келеді. Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 31% артып, 8,3 трлн теӊгеден асып жығылды. Таза кіріс 37%-ға немесе 821 млрд теӊгеге дейін ұлғайса, операциялық кіріс 1 трлн теӊгеден асты. Қордыӊ табысы 30% дейін артты, - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов".

Жекешелендірудіӊ кешенді бағдарламасы аясында құны 230 млрд теӊгеден асатын 31 актив сатылды. Қазатомөнеркәсіп акцияларыныӊ халықаралық ІРО-ға шығарылуы өткен жылғы маӊызды оқиғалардыӊ біріне айналды. Оныӊ арқасында тартылған 451 млн АҚШ долларыкөлеміндегі қаржы толығымен еліміздіӊ Ұлттық қорына бағытталды.

Жоспар бойынша 2019 жылы Қордыӊ екі ірі компаниясы - Қазақтелеком және Эйр Астана IPO-ға шығарылады.

Еншілес компаниялардыӊ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл Қор тобыныӊ қарызын 1 трлн теӊгеге азайтуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде сыртқы қарыз көлемі 3,2 млрд АҚШ долларына төмендетілді. Мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыз көлемі 331 млрд теӊгеден 66 млрд теӊгеге дейін немесе 80% төмендетілді.

Жаӊа технологияларды ендіру бағдарламасы қайта қарастырылып, оныӊ экономикалық әсері 42 млрд теӊгені құрады.

2018 жылдыӊ қорытындысы бойынша, "КазМұнайГаз" ҰК" АҚ 1,6 млрд АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды өтеді және 3,2 млрд АҚШ доллары сомасын құрайтын міндеттемелерді басқару жөніндегі мәмілені сәтті жүргізді. "Самұрық-Энерго" АҚ қарызын 50 млрд теӊгеге дейін азайту арқылы өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты.

Kcell компаниясыныӊ 75% акциясын сатып алу туралы мәміле жарияланғаннан кейін бұл Казақтелеком акциялары құныныӊ 10-15%-ға артуына ықпал етті. Үш мұнай өӊдеу зауытын жаӊғырту жұмыстарыныӊ аяқталуы К-4 және К-5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдеріне деген ішкі нарықтағы сұранысты толық өтеуге мүмкіндік берді.

"Өткен жылдыӊ қорытындысы жаӊа жылдағы басқа да өзекті мәселелерді шешуге жақсы негіз болды. Ал биылғы міндеттер өте күрделі. Қордыӊ жаӊа Стратегиясын іске асыру мақсатында біздіӊ бірлескен күш-жігеріміз өндірістік көрсеткіштерді жақсарту, компаниялардыӊ қаржылық тұрақтылығын нығайту, сондай-ақ жекешелендіру, трансформациялау және цифрландыру бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді шешуге бағытталатын болады. Біз Мемлекет басшысыныӊ Қордыӊ алдына қойған тапсырмаларын сапалы орындауға жауаптымыз",- деп қорытындылады өз сөзін Ахметжан Есімов.

Қордыӊ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор Илішер Пірметов жиналыстан кейін ұйымдастырылған баспасөз маслихатында Даму стратегиясыныӊ және сатып алу жүйесін жетілдірудіӊ жаӊа тәсілдеріне тоқталды.

"Қордыӊ 2028 жылға дейінгі Жаӊа Стратегияға сәйкес Қор 2024 жылға дейін жекешелендіруден түсетін қаржыны қайта инвестициялауға және ел ішінде де, шет елде де тиімді инвестициялық портфельді құруға баса назар аударады. Ұзақмерзімді басымдықта "Самұрық-Қазына" АҚ 2028 жылға дейін Қордыӊ әртараптандырылған инвестициялар портфелін белсенді және тиімді басқару моделіне толық көшуге баса назар аударады",- деп тілге тиек етті Алішер Пірметов.

Сонымен қатар Илішер Хабиболлаұлы сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыстыӊ оӊ нәтижелеріне тоқталды. Бұл 121 млрд теӊгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді және жаӊа жұмыс орындарын құру арқылы Қазақстанда теӊдесі жоқ өндірісті іске қосуға себеп болды. Бұдан басқа Елбасыныӊ шағын және орта бизнесті қолдауға арналған тапсырмаларын орындау шеӊберінде холдинг ішіндегі сатып алулар 10 есе қысқартылды. Бұл 309 миллиард теӊгеден астам қаржыны бәсекелі сатып алу ортасына бағыттаумен қатар Қор тобыныӊ сатып алу жүйесіне 8 мыӊ кәсіпкерлік субъектініӊ қатысуына мүмкіндік берді. Қордыӊ компаниялары 22 млрд теӊгені үнемдеді.

Экономиканыӊ өӊдеу секторларын қолдау аясында 2018 жылы ҚР-да теӊдесі жоқ жаӊа өндірістерді дамытатын отандық кәсіпорындар үшін ұзақ мерзімді тапсырысқа кепілдік беретін бірегей "оффтейк-шарттар" механизмі енгізілді. Жалпы сомасы 4 миллиард теӊгені құрайтын алғашқы оффтейк-шарттар жасалды. Бұл бастамалардыӊ іске асырылуы бизнестіӊ жаӊа өндірістерді құру, жұмыс орындарыныӊ санын ұлғайту бағытындағы инвестициялық белсенділігін ынталандырады және бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны