07.04.2019, 16:09 25923

2019-2020 жылдары Қазақстан экономикасы біршама баяулайды - АДБ

Бұл мұнай бағасының төмендеуі мен Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясының өсім көрсеткішінің баяулауына тікелей қатысты болмақ. Бұдан бөлек, мұнай кірістерімен қатар мемлекеттің инвестициялық бағдарламалары алдағы жылдары экономикалық өсімнің негізгі көзі болуы тиіс", -деп хабарланады Азия Даму Банкінің есебінде.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today -"2019 жылға жасалған болжамға сәйкес, Қазақстанның экономикалық өсімі біршама бәсеңдейді. Бұл мұнай бағасының төмендеуі мен Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясының өсім көрсеткішінің баяулауына тікелей қатысты болмақ. Бұдан бөлек, мұнай кірістерімен қатар мемлекеттің инвестициялық бағдарламалары алдағы жылдары экономикалық өсімнің негізгі көзі болуы тиіс", -деп хабарланады Азия Даму Банкінің есебінде.

АДБ-ның негізгі экономикалық басылымы "Азия дамуының шолуына" сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2018 жылы жеткізілген 4,1%-дан 2019 жылы 3,5%-ға, ал 2020 жылы 3,3%-ға дейін төмендейді делінген. Инфляцияның орташа көрсеткіші осы болжам бойынша 6% шамасын сақтап қалмақ. Ұлттық банктің биылғы жылға жасаған сараптамасында оның 2020 жылы 5,5%-ға дейін төмендеуі күтілген. Өйткені бұл Үкіметтің инфляциялық қысымға қарсы тұру әрекетіне қарай айқындатын әрекет. Болжам бойынша, азық-түлік бағасының өсімі 2019 жылғы 5,2%-дан 2020 жылы 5%-ға дейін бәсеңдейді. Бұл отандық өнімді қолдау, негізгі азық-түлік пен баға саясатын жекелей бақылау сынды міндеттерді орындау үшін арналған мекемелерді тұрақтандыру қорының шарттарына сәйкес қадамдар болмақ.

"Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жеке секторды дамытуға жәрдемдесу үшін банкжүейсінің сау болуы да өте маңызды" - деді Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли. Сондай-ақ, банкроттық рәсімдеулерді жетілдіру, банкт портфельдеріне тәуелсіз тексеру жүргізудіарттыру, әрі банк жүйесінің ашықтығын қадағалау мен есеп берудегі тұтастықты арттыру сынды функцияларды да жетілдіру өте қажет істің бірі.

Басылымдағы деректерге қарағанда, өнеркәсіптік өсім 2019 жылы 4,3%-ды, ал 2020 жылы 4,4% құрауы тиіс. Себебі өңдеу өнеркәсібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік инвестициялардың көлемі мұнай өндірісінің баяу өсуін біршама байқатпай, орынын толтырып тұруы қажет. Ал қара алтын өндірісі 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) келісіміне сәйкес төмендетілуі тиіс. Сондай-ақ, оған ірі мұнай кен орындарындағы (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуідесебебші. "Болжам бойынша, ауыл шаруашылығы сегментіндегі өсім 2019 жылы 3%-ды құраса, 2020 жылы бұл 2,5%-ды көрсетпек. Оған аталмыш секторға мемлекет тарапынан жасалатын қолдаудың артуы мүмкіндік бермек. Дегенмен, мақсатты түрде дамыту шаралары қолданылатын болса,онда Қазақстанның бұдан да зор нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар", - дейді Капаннелли.

Қазақстан Орталық Азия елдері ішіндегі 1994 жылдан бері АДБ-нің алғаш мүшесі болған мемлекет. Әріптестік құрған 25 жыл ішінде банктен 5 млрд АҚШ долларға тәуелсіз қарыз алынып, ауыл шаруашылығына несие берілген. Сондай-ақ, 50 млн АҚШ доллары транспорт, агро сектор, сумен қамту, білім және денсаулық, қаржылық басқару, мемлекеттің өзге де бағыттарына кепілдендірілген техникалық көмек ретінде берілген. АДБ-нен қолдау ел ішінде аймақтық байланысты модернизациялау мен дамыту, жеке кәсіпкерлікті қолдау, гендерлік және әлеуметтік теңсіздікті жою, білім жүйесінде түрлі қызметтер мен азық-түліктер ұсыну сынды қызметерінде де алынған. Енді Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағыбірлестікпен интеграциялық бастамаларбұл - Қазақстан мен АДБ арасындағы ажырамас қызметтің бір бөлігі болып қала бермек.

АДБ Азия-Тынық мұхиті аймағында гүлденген, интеграцияланған, тұрақты және мығым, әрі кедейлікті жоюға бағытталған ұстанымды қолдайды. 2018 жылы АДБ 21,5 млрд АҚШ доллары құрайтын жаңа несиелер мен гранттарды бөлді. АДБ 1966 жылы құрылған. Оның акционерлері құрамындақатарынан 68 мемлекет бар. Оның 49-ы аймақтарда орналасқан.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны