04.02.2019, 14:41 9791

2019 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында инфляция 0,5%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда - 1,3%, азық-түлік емес тауарларына 0,3%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,2%-ға төмендеді.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына өткен айда - 1,3%, азық-түлік емес тауарларына 0,3%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,2%-ға төмендеді.

Өткен айда бағаның өсуі жаңа жиналған көкіністерге - 12,2%, жұмыртқаға - 2,1%, мәйекті ірімшікке - 1,5%, күрішке - 1,3%-ға, құс етіне, жылқы етіне - 1,2%-дан, сары майға - 1,1%, шұжық өнімдеріне - 0,9%-ға, ет өнімдеріне, ұнға - 0,8%-дан, қой етіне, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне - 0,7%-дан, макарон өнімдеріне, жаңа сауылған сүтке, күнбағыс майына, шошқа етіне, кондитерлік өнімдерге 0,5%-данбелгіленді. Темекі өнімдері - 3,6%, алкогольді ішімдіктер 0,8%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге 1,4%-ға тіркелді.

Баға өсімі тоқыма бұйымдарына - 1%-ды, фармацевтикалық өнімдерге, жеке қолданатын тауарларға, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,8%-дан, автомобильдерге - 0,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,6%, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға 0,5%-дан құрады. Тас көмір - 1,7%, бензин - 1,2%, баллондағы сұйытылған газ 0,3%-ға арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне - 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне - 0,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне - 0,7%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 0,6%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы - 7,9%, темір жол көлігімен 4,2%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға - 3,6%, кәрізге - 2,1%, суық суға - 2%, электр энергиясына - 1,4%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 0,4%, қоқыс шығаруға 0,3%-ға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны