23.05.2019, 18:04 12849

2019 жылы Электрондық еңбек биржасы арқылы 135 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

2018 жылдың 1 қаңтарынан республикада алғашқы цифрлық платформа және елдегі ең ірі бос жұмыс орындары мен түйіндемелер банкі - Электрондық еңбек биржасы жұмыс істей батады.

Нұр-Сұлтан. 23 мамыр. Kazakhstan Today -17 мамырдаAstana Hub аумағында Цифрландыру күнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық трансформациясы талқыланды.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріНариман Мұқышев, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев, Білім және ғылым вице-министі Рүстем Биғари, сондай-ақ бизнес-орта өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Б.Сапарбаев цифрландыру әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртудың басты факторларының бірі болып табылатынын атап өтті.

"Цифрлық технологиялар әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды құралы болып табылады. Әрбір тағайындалған жәрдемақы, жұмыспен қамтылған адам және әрбір мемлекеттік қызмет министрліктің ақпараттық жүйелерінің үйлесімді жұмысы болып табылады, өйткені цифровизацияның негізгі мақсаты әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, азаматтар алатын мемлекеттік қызметтердің барынша ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады", - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол Еңбек министрлігінің қызметтері цифрландыру әсерімен белсенді өзгеретінін атап өтті. Маңызды бағыттардың бірі Big Data болып табылады, оның негізінде қазірдің өзінде тиімді шешім қабылдау үшін талдау қалыптырылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап мүгедектікті сырттай белгілеу бойынша қызметті одан әрі кеңейту жоспарланып отыр, осы мерзімде "Әлеуметтік қызметтер" порталын іске қосу жоспарланып отыр, ол жеке қажеттіліктерді ескере отырып, техникалық оңалту құралдарын дербес таңдауды қамтамасыз етуге, оларды ұсыну мерзімдерін қысқартуға және мүгедектігі бар адамдардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан республикада алғашқы цифрлық платформа және елдегі ең ірі бос жұмыс орындары мен түйіндемелер банкі - Электрондық еңбек биржасы жұмыс істей батады. Жұмыс басталғаннан бері Биржада 985 мың бос жұмыс орны және 732 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек биржасы арқылы 2019 жылдың басынан бері 135 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылы осы жүйені одан әрі дамыту жоспарланып отыр: құрылған жұмыс орындарының картасын енгізу, онлайн-оқыту, виртуалды консультантты енгізу және басқалары.

Электрондық шарттарды енгізу, "E-халық" электрондық базасын дамыту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, оған қазіргі уақытта ауылдық округтердің 100%-ы қосылған, "Қолжетімді орта" порталында мүгедектер үшін объектілердің қолжетімділігі бойынша деректерді өзектендіру бойынша жұмыс жалғасады.

Жалпы, 2018 жылы электрондық және проактивтімемлекеттік қызметтердің арқасында шамамен 939 млн.теңге үнемделген. Сондай-ақ, қызмет көрсетушілер мен азаматтардың жиынтығында шамамен 340 мың күн уақытын үнемдеуге қол жеткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар, бизнес-орта өкілдері және лауазымды адамдар арасында сындарлы пікір алмасу өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны