14.04.2020, 17:53 19153

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жылдық инфляция 6,4%-ті құрады

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы.

ҚР ҰЭМ желісі бойынша

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері келесідей:

?Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7% құрады;

?Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ға өсті;

?Жылдық инфляция 6,4%-ті құрады.

Экономиканың базалық салаларында көлік пен тұру және тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда, оң өсу байқалады. Құрылыс 11,7%, байланыс қызметтері - 10,5%, өнеркәсіп - 5,8%, ауыл шаруашылығы - 2,5%-ке өсті.

ӨНЕРКӘСІП

Жалпы өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8% деңгейінде сақталды.

15 өңірде өсу байқалып отыр. Ең жоғары өсуді Қостанай (19,8%-ке) және Ақмола (11,9%-ке) облыстары көрсетті.

Сонымен бірге 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-9,8%) және Жамбыл (-2,1%) облыстары.

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ

Өңдеу секторында 8,8% деңгейінде өсуге қол жеткізілді. Бұл фармацевтика (32,2%-ке), машина жасау (30,4%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (22,7%-ке) және жеңіл өнеркәсіптегі (14,2%-ке) қарқындардың артуымен

негізделеді.

Өңдеуде Жамбыл облысынан (-3,9%) басқа барлық өңірлер оң серпін көрсетті.

Жоғары өсу Қостанай (26,4%-ке), Атырау (25%-ке) және Қызылорда (23,6%-ке) облыстарында тіркелді.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Жалпы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 5,1%-ті құрады, оның ішінде жеке инвестициялар 5,4%-ке өсті.

Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады. 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді. Олар Атырау (-5,3%), Алматы (-12,1%), Қызылорда (-52,8%)

облыстары және Шымкент қаласы (-32,4%).

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторында 11,7% деңгейінде серпінді өсу байқалады.

Соның ішінде 16 өңір өсім көрсетті. Қарағанды облысы 50,8% өсім көрсетті.

Құрылыс бойынша Қызылорда облысы ғана төмендеуді көрсетті (-41,3%).

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ

Жыл басынан бері 2,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2020 жылға жоспар 15 млн. шаршы метрді құрайды.

12 өңірде оң өсу байқалды. Алматы (20,9%-ке) және Жамбыл (20,6%-ке) облыстарында ең жоғары өсуді көрсетті.

5 өңірде төмендеу тіркелді (Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қ.).

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығында өнім 2,5%-ке өсті.

Ауыл шаруашылығы бойынша 15 өңірде оң серпін байқалып отыр.

Сыртқы факторлардың теріс салдарын азайту мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылданды. Бұл салықтық ынталандыру, шағын және орта бизнес

пен агроөнеркәсіпті қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту бойынша іс-шаралары.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет:

?"Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы"

бағдарламалары аясында белсенді құрылыс жұмыстарының маусымын жедел іске қосу;

?аванстық төлемдерді барынша төлеу және ішкі өндірісті жүйелі қолдау бойынша мемлекеттік сатып алуды жылдам өткізу;

?нарықты азық-түлікпен белсенді қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның бекітілген шекті мәндерінен жоғары өсуіне жол бермеу;

?"Бизнестің жол картасы" мен "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары аясында жеңілдетілген кредит беру үшін жобалар пулын қалыптастыру;

?аймақтық және республикалық жобалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

ҚР ҚМ желісі бойынша

Қаржы жылының бірінші тоқсанының қортындысы

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 89,9%-ке, оның ішінде республикалық кірістер 78,8%-ке, жергілікті бюджеттер

121,4%-ке орындалды.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсу қарқыны 101,2%-ті, жергілікті бюджеттер 133,1%-ті құрады.

Сыртқы факторладың экономикаға теріс әсерінен республикалық бюджеттің кірістері 10,5%-ке төмендеді (89,5%).

Республикалық бюджетке 1 трлн. 402 млрд.теңге кірістер түсті.

Жоспар 378 млрд.теңгеге орындалмады. Олар негізінен салықтар есебінен қалыптасты.

Салықтардың орындалмауына келесідей сыртқы факторлар әсер етті.

Біріншіден, коронавирус эпидемиясынын таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде (факт 269 млрд.теңге, жоспар 411 млрд.теңге, атқарылу 65,3%).

Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің (87 млн.долларға) қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушілерден салық түсімдерінің көлемі

49,1 млрд.теңгеге азайды (көтерме және бөлшек сауда - 6,5 мың салықтөлеуші, өңдеуші кәсіпорын - 1,3 мың, тау-кен өнеркәсібі - 130 салықтөлеуші).

Бұдан басқа, есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 29,3%-ке азайды.

Екіншіден, сыртқы нарықта негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалардың төмендеуі: шикі мұнайдың - 22%-ке, мырыштың - 21%-ке, мыстың - 9%-ке, алюминийдің - 10%-ке, қорғасынның - 10%-ке және феррохромның - 12%-ке төмендеуі корпоративтік табыс салығының азюына әсерін тигізді.

Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеуіне байланысты ішкі тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 132 млрд.теңгеге орындалмады.

Есепті кезеңде оларға 193 млрд.теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылды. Бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84 млрд.теңгеге көп.

8-ші сәуірде қабылданған нақтыланған республикалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар (трансферттерді есептемегенде) 6 трлн. 414 млрд.теңге сомасында бекітілді (жылдық жоспар 1 трлн. 672 млрд.теңгеге азайтылды).

Жергілікті бюджетердің өз кірістері 134 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 759

млрд.теңгені құрады. Асыра орындалу негізінен салықтар есебінен қалыптасты - 127 млрд.теңге.

Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық 99,5%-ке, жергілікті бюджеттер 97,7%-ке атқарылды.

Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн. 971 млрд.теңгені құрады.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,8%-ті, яғни 265 млрд.теңгені құрады.

Бюджет қаражаты 15 млрд.теңгеге атқарылмады, оның 4 млрд.теңгесі үнемдеу болды.

Ал, игерілмеу сомасы 11 млрд.теңгені құрады.

Бұл, 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен (21 млрд.теңге) 2 есе аз.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн. 213 млрд.теңгеге игерілді.

29 млрд.теңге орындалмады.

Ағымдағы жылы өңірлерге 1 трлн. 499 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.

Алдын ала деректер бойынша 1-ші тоқсанда оларға 190,5 млрд.теңге бөлінді.

Оның 97,1%-і игерілді немесе 184,9 млрд.теңге.

Орындалмау сомасы 5,6 млрд.теңгені құрады.

Оның, 0,9 млрд.теңгесі бюджет қаражатын үнемдеу, игерілмеу - 4,7 млрд.теңге.

Ең көп игерілмеген қаражат келесі өңірлерде қалыптасты: Нұр-сұлтан қ. 3,6 млрд.теңге, Ақмола облысында 0,9 млрд.теңге, Шымкент қ. 0,7 млрд.теңге,

Атырау облысында 0,6 млрд.теңге.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

Есепті кезеңде 512 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

Оның барысында 249 млрд.теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.

Нәтижесінде 84 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тексеру барысында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 84 млрд.теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыру үшін 470 ұсыныс берілді. Оның 361 орындалды.

Жалпы сомасы 5 трлн. 197 млрд.теңгеге 881 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды.

Нәтижесінде 250 млрд.теңге сомасындағы бұзушылықтарға жол берілмеді.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

2016-2020 жылдардағы кешенді жекешелендіру жоспарының іске асырылуы 93,2%-ті құрады.

2020 жылға 68 объектіні сату жоспарланған. Оның 37-і сатылуға қойылды.

Есепті кезеңде 6 объект 3,2 млрд.теңгеге сатылды. 31 объекті сауда-саттыққа шығарылды.

3 объекті қайта ұйымдастыру және таратуға жіберілді.

28 объекті жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны