20.01.2021, 16:39 6386

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 15% - ға өсті

Өсім аталмыш бағыттың барлық ішкі салаларында байқалады: мысалы, тоқыма бұйымдары өндірісінде 4,5% - ға, киім өндірісінде 5,5% - ға, сондай-ақ былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде 131,1% - ға.
Нұр-Сұлтан. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15% - ға өсіп, 128,7 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өсім аталмыш бағыттың барлық ішкі салаларында байқалады: мысалы, тоқыма бұйымдары өндірісінде 4,5% - ға, киім өндірісінде 5,5% - ға, сондай-ақ былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде 131,1% - ға", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

 
Өткен жылы 1,606 млрд. теңге инвестиция сомасына 6 жоба іске қосылып, 1 145 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде "Turkistan Textile" ЖШС тігін бұйымдарының өндірісі, "Бал Декор" ЖШС кілем бұйымдарының өндірісі, "В.А.E.R" ЖШС дәке таңу материалдарының өндірісі, "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС ылғалды майлықтар өндірісі, "СП "LUX SHOES" ЖШС табан өндірісі, сондай-ақ "FIBC Kazakhstan" ЖШС пішу цехы және "Кублей" ЖШС тері өңдеу цехы бар.
 
Бұдан бөлек, 2020 жылы халықты бетпердемен қамтамасыз ету үшін өндіріске 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды: "Dalatex" ЖШС (Қызылорда қ.), "Большевичка" ЖШС (Қостанай қ.), "Эко-Фарм" ЖШС (Шымкент қ.), "Ас Фарм" ЖШС (ШҚО), "Тыныс" АҚ (Көкшетау қ.), "КазЛегПром" ЖШС (Алматы қ.), "Жанарыс" ЖШС (Маңғыстау обл.) және т.б. селдір матадан және бөзден күніне 700 мың бетперде әзірлейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны