03.02.2021, 19:14 9339

МКК: ішкі тауарларға ҚҚС 2020 жылдың қорытындысы бойынша 11% - ға төмендеді

Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауарларға қосымша құн салығы (ҚҚС) төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.
 
2020 жылдың қорытындысы бойынша салықтар бойынша ішкі тауарларға қосымша кұн салығы 11% - ға төмендеді. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 3,5% - ға өсті, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.
 
Оның мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтан қосымша құн салығы 2% - ға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорынан салықтар 5,3% - ға артты.
 

Кедендік төлемдер бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бөлінген баждар 5,8% - ға, мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық баждар 51% - ға және үшінші елдерден қосымша құн салығы 3,7% - ға төмендеді. Ал, экономика секторлары бойынша, мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43% - ға азайды", - деді МКК төрағасы. 

 
Бұл ретте көлік секторындағы түсімдер – 10% - ға, өңдеу өнеркәсібінде 9% - ға, құрылыста 2% - ға және саудада 1,4% - ға өсті.
 
Сұлтанғазиев өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 102,4% - ға, республикалық бюджет 100,1% - ға, жергілікті бюджет 108% - ға орындалғанын атап өтті.
 

2019 жылға қарағанда Комитеттің құзыретіндегі мемлекеттік бюджеттің кірістері пандемияға қарамастан іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды, республикалық бюджет 608 млрд теңгеге төмендеді, жергілікті бюджет 604 млрд теңгеге өсті. Республикалық деңгейдегі түсімдердің төмендеуі экономикада қалыптасқан жағдайға, сондай-ақ пандемияға қатысты шектеулерге байланысты болды", - деді ол.

 
Алдын ала деректер бойынша ЖІӨ 2,6% - ға, тауар айналымы 14% - ға төмендеді. Өткізу бойынша айналым 9,7% - ға, оның ішінде ірі кәсіпорындар бойынша 25% - ға азайды.
 
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі жаңа өндірістік компаниялар үшін ҚҚС 2 жыл ішінде төмендетілетінін хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны