09.04.2020, 14:39 6863

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болды

2020 жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса осы жылғы 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5%-ға жоғарылады.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - 1 сәуірден бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекет басшысының биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10%-ға индексациялауды жүргізді. Осылайша 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болды.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы, зейнетақы екі рет көтерілді.

Мәселен 2020 жылдың 1 қаңтарынан инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, базалық зейнетақыға 5%, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7% (инфляция деңгейінен 2%-ға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

2020 жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса осы жылғы 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5%-ға жоғарылады.

Бірінші мысал: ер адамға 18.11.2019 жылдан бері 43 000 теңге ынтымақты зейнетақы тағайындалды делік. Оның зейнетақысы жыл сайынғы қайта есептеу аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан қаңтарынан 46 010 теңгені құрады. 2020 жылғы 1 сәуірден болса, аталған ынтымақты зейнетақы 5% өсіп, 48 311 теңге болады (46 010+5%=48 311).

Екінші мысал: әйел адамға 12.03.2020 жылдан 52 000 теңге тағайындалды деп алайық. 2020 жылғы 1 сәуірден, 5% өсімді ескерсек, бұл ынтымақты зейнетақы 54 600 теңгені межелейді (52 000+5%=54 600).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне келер болсақ, ол "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 4-бабына сай, 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа сомасы бойынша пайыздық мөлшерде айқындалады.

Мысал: ер адамға 20.12.2019 жылдан бері 26 729 теңге немесе күнкөріс деңгейінен 90% базалық зейнетақы тағайындалды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан оның мөлшері, күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсімін назарға алсақ, 28 065 теңгені көрсетіп, 2020 жылдың 1 сәуірінен 29 402 теңгені құрайды (биылғы 1 сәуірден ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болып бекітілді, оның 90%-ы=29 402).

Осы орайда, "2020-2022 жылдардағы республикалық бюджет туралы" заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 1 сәуірден бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 411 теңге болды.

Тиісті қадамдар 2,2 миллионнан астам зейнеткерді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны