19.02.2021, 19:27 14056

Ұлттық Банкте 2020 жылы инфляцияны 4-6% дәлізде ұстап тұрудың мүмкін еместігі түсіндірілді

Өткен жылдың соңында инфляция 7,5%-ды құрады.
Нұр-Сұлтан. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов 2020 жылы инфляцияны 4-6% дәлізде ұстап тұрудың мүмкін еместігін түсіндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, коронавирус пандемиясының әлемдік экономикаға тигізген әсері мен мұнай бағасының төмендеуіне алып келгенін ескергенде, 2020 – шынымен де өзгешелеу жыл болды. 
 

Осыған байланысты орталық банктер экономиканың ынталандырушы күшіне айналуы керек болды. Бұл жерде Қазақстанның Ұлттық Банкі де осы міндетті орындады. Сөйтіп, Ұлттық Банк дағдарысқа қарсы бастамаларды жалпы сомасы 2,3 триллион теңгеге дейін қаржыландырды. Бұл былтыр Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға арналған үкімет қаражатының жартысынан көбін құрайды. Сонымен бірге 2020 жылға арналған экономиканы монетизациялау немесе ауқымды ақшаның елдің номиналды ЖІӨ-ге қатынасы, біздің алдын-ала бағалауымыз бойынша, 36,8%-ды құрады. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 5 п.т. (пайыздық тармақ) жоғары және 2017 жылдан бастап Қазақстан экономикасын монетизациялаудың максималды деңгейі. Бұл сандар Ұлттық Банктің экономиканы дағдарыс кезеңінде елдегі экономикалық белсенділіктің жедел қалпына келуі мен өсуіне қажетті өтімділіктің қажетті көлемімен қамтамасыз еткенін көрсетеді", - деді Төлеуов.

 
Ол Ұлттық Банк сол уақытта баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейтін басты мақсатты орындау үшін жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Негізгі құрал базалық мөлшерлеме болды.
 

Өткен жылдың соңында инфляция, алдын ала күтілгендей, 4–6% дәлізден шығып, 7,5%-ды құрады. Бірақ өткен жылдың наурыз айында инфляция екі таңбалы көрсеткіш – 11%-ға дейін өседі деп болжанған болатын. Әрине, бұл болжамның негізінде коронавирус пандемиясының салдарынан валюта мен тауар нарықтарында орын алған және күтілетін шоктар ескерілді. Дегенмен, уақытында қабылданған шаралардың арқасында инфляцияның төменгі көрсеткішін қол жеткіздік – экономикада оң баға сақталып, теңгемен көрсетілген активтердің инвестициялық және жинақтық тартымдылығы қамтамасыз етілді", - деді ол.

 
Төлеуов инфляцияның қалыптасуына азық-түлік құнының өсуі үлес қосқанын түсіндірді. 
 

БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша, өткен жыл, тұтастай алғанда, 2014 жылдан бері қарай бүкіл әлемде азық-түлік бағасының өсуі жағынан рекордтық көрсеткіш берді. Сөйтіп, бұл жағдай барлық дерлік елде азық-түлік инфляциясының жеделдеуіне алып келді. Сонымен қатар, көп жағдайда монетарлық факторларға және ақша-кредит саясатының өтімділігіне әсер ететін Қазақстандағы инфляцияның азық-түлікке жатпайтын бөлігі былтыр жыл бойы 2015 жылдан бері қарайғы көрсеткіштен төмен мәнде қалды, шамамен 5,5%", - деді ол.

 
Сарапшының пікірінше, инфляцияның үдеуі бүкіл аймақ үшін жалпы тенденцияға айналды. ЕАЭО елдеріндегі нақты жылдық инфляция деңгейі орталық банктердің дәліздерінен шығып, тіпті кей жерлерде көпжылдық максимумдарға жетті. Ең үлкен өсім Қырғызстанда болды – 3,1%-дан 9,7%-ға дейін немесе 6,6 п.т., ал ең азы – Қазақстанда (2,1 п.т. – 5,4%-дан 7,5%-ға) және Ресейде (1,9 п.т. – 3,0-ден 4,9%-ға дейін).
 

Сонымен қатар, атап өткен циклдік факторлардан басқа, қазақстандық инфляция тұтыну бағасының шоктық өсуінің көзі болып табылатын экономикамыздағы құрылымдық теңгерімсіздіктердің әсерімен де сипатталатынын атап өткен жөн. Бұл проциклдік бюджет саясаты, азық-түлік нарықтарындағы әлсіз бәсекелестік, шағын және орта ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ірі сауда кәсіпорындарына кең қол жетімділіктің болмауы, тауар нарықтарындағы көлік-тарату инфрақұрылымының төмен деңгейі және т.б.", - деді Төлеуов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны