27.01.2021, 19:02 17736

2020 жылы БЖЗҚ салымшыларының кірістілігі инфляция 7,5% болған кезде 10,92% құрады

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 1,3 трлн теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,5% болған кезде 10,92% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 1,3 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,5% болған кезде 10,92% құрады", - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

 
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгеннен бері салымшылар алған инвестициялық табыс 5,6 трлн теңгеден асты. 1998 жылдан (жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастаған) бастап инвестициялық табыстылық өсу қорытындысымен 602,90% құрады. Бұл ретте инфляция 496,65% болды. Осылайша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 106,25% құрады. 
 
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,9 трлн теңгені құрады. 
 
ҚР 2020 жылға арналған Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттарын былайша көрсеткен:
 
- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 648,4 млрд теңгені (барлық портфельдің 43,8%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары, теңгемен номиналданған МБҚ орташа алынған кірістілігі жылына 8,8% , АҚШ долларында – жылына 4,4% құрады;
 
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 821,67 млрд теңге (14,13 %), теңгеге номиналданған осы құралдар бойынша орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларында – жылына 5,2% құрады;
 
- 1 158,49 млрд теңге (8,98%) болатын ҚР Екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. жыл басымен салыстырғанда ЕДБ облигацияларының үлесі 2,1% азайды. ҚР ЕДБ теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,1%, АҚШ долларында – жылына 6,3% құрады;
 
- 816,53 млрд теңге мөлшерінде сыртқы басқарудағы активтер (портфельдің 6,33%). 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 285,36% өсуі есепті кезең ішінде мандат шарттарына сәйкес жүргізілген инвестицияларға негізделген. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны