22.04.2014, 20:46 3286

2020 жылға қарай АШМ сүт өнімдерінің импортын 10%-ға дейін қысқартуды жоспарлауда - А.Мамытбеков

"Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан елімізге тасымалданатын импорт көлемін азайтып, отанық өнімнің сыртқа сатылуына жол ашатын шаралар мен әдістерді қабылдады. Біз елдің ішкі нарығын тұрақтаныру мақсатында 2020 жылға қарай АШМ сүт өнімдерінің импортын 33%-дан 10%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз", - дейді министр.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков елдің ішкі нарығын тұрақтаныру мақсатында 2020 жылға қарай АШМ сүт өнімдерінің импортын 33%-дан 10%-ға дейін қысқартуды көздеп отырғанын айтты.

"Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан елімізге тасымалданатын импорт көлемін азайтып, отанық өнімнің сыртқа сатылуына жол ашатын шаралар мен әдістерді қабылдады. Атап айтар болсақ, сүт өнімдері саласында нақты көрсеткіштердің бары рас. Біз елдің ішкі нарығын тұрақтаныру мақсатында 2020 жылға қарай АШМ сүт өнімдерінің импортын 33%-дан 10%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз", - дейді министр.

Бірінші кезекте аталмыш мақсатқа жетуге кедергісін келтіріп отырған факторларыдң бірі қымбатшылық пен сапаның төменігі. Осы орайда кәсіби ауыл шаруашылығын дамыту қажеттілігін айта кетуге болады.

Екіншіден, дейді министр, АӨК қолданылатын құрылғылардың тозығының жетуі. Бұл мәселені лизинг пен несиелік ресурстарға қол жеткізе отырып, инвестициялық субсидиялау арқылы өңдеуші өнеркәсіпті жаңғырту жұмыстарын ынталандыру керек.

"Және салық салу мәселесі де аталмыш түйінді тарқатуға кедергі болып отыр. Бұл жерде Салықтың заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтар болсақ, "алғашқы" ҚҚС мәселелері мен ЖТС (жеке табыс салығы) мәселесіне көңіл аударған жөн.

Айта кетерлігі, аталмыш мәселені шешу мақсатына ірі инвестиция тартқан жағайда да егер қазақстандық қамтамасыз етудің кедергілері, ішкі нарықты сапасыз және көлеңкелі тауарларан қорғау, ел ішінде тамақтану мәдениетін насихаттау секілді шараларды атқармайынша, аталмыш жағдай шешімін таппақ емес. Бұл жұмыстарың барлығы өңдеудің кешенді шараларына көрінетін болады.

Бұл істі атқаруда кәсіпкерліктің белсені араласуы керектігі рас. ҰКП-мен бірлесе отырып ішкі нарықты қорғаудың қосымша шаралары мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ҰКП ұсыныстарын талқылайтын жұмыс тобы құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны