16.01.2014, 18:59 4598

2020 жылға қарай Қазақстанның мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 2 млн баррельді құрайды - МГМ

2020 жылға қарай Қазақстанның мұнай өндірісі тәулігіне 2 млн баррельді құрайды, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы KAZENERGY Кеңесі қауымдастығының 15-інші отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. 2020 жылға қарай Қазақстанның мұнай өндірісі тәулігіне 2 млн баррельді құрайды, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы KAZENERGY Кеңесі қауымдастығының 15-інші отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

"Біздің алдын- ала болжамымыз бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 2 млн баррельге дейін жетпек", - деді Ұ.Қарабалин.

Оның айтуынша, тәулігіне 1,6 млн баррель мұнай өндіріп, үш есеге дейін артса, жылына 40 млрд текше метр газ өндіріп, аталмыш өндіріс 5 есеге дейін артты.

"Қазіргі таңда Қазақстандағы көгілдір отын қоры жеткілікті деңгейде. Яғни сұранысты қанағаттандырады. Сонымен қатар, газдың бір бөлігін біз шет елдерге де сатамыз. Алынған көгілдір отынның көп бөлігін біз қайтадан пласт ішіне қайта қотарып, кен орнына саламыз. Бұл технология барынша қысымды арттыруға және өзге де шараларға тиімді. Осы арқылы көгілдір отын көбірек өнім алуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада KAZENERGY Кеңесі Қауымдастығының 15-інші отырысы өтуде. Кеңес Қауымдастығы кеңес беру-ақылдасу органы болып табылады, оның жұмысына отандық және шетелдік мұнай-газ және энергетика саласының басшылары қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны