04.06.2014, 23:31 3522

2020 жылға қарай ЖІӨ энергия сыйымдылығын 25%-ға төмендету көзделуде - Ж.Бөкенбаев

"Бүгінгі таңда 2050 жылға дейін энергия үнемдеуді дамыту стратегиясының 2020 жылға дейінгі қысқамерзімді жобасы бар. Оған сәйкес 2008 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын 25%-ға төмендету көзделуде", - деді Ж. Бөкенбаев.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Бүгін "Қазақстанда энергия тиімділігі шараларын қаржыландыру және жүзеге асыру механизмдері" конференциясында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ Басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев 2020 жылға қарай ЖІӨ энергия сыйымдылығын 25%-ға төмендету көзделуде деп мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда 2050 жылға дейін энергия үнемдеуді дамыту стратегиясының 2020 жылға дейінгі қысқамерзімді жобасы бар. Оған сәйкес 2008 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын 25%-ға төмендету көзделуде", - деді Ж. Бөкенбаев.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейін қалалық энергия желілері жаңартылатын болады.

"Демек, ЖІӨ энергия сыйымдылығы 25%-ға төмендейді. Бұл біздің экономикамыздың әлемде бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны