26.06.2015, 11:39 3312

2020 жылға қарсы Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге өсуі тиіс - ҚТЖ

Астанада "ҚТЖ" ҰК" АҚ бастамашылығымен Қазақстандағы темір жол көлігі машинасын жасау саласын дамыту мәселесіне арналған семинар кеӊес өткізілді, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Астанада "ҚТЖ" ҰК" АҚ бастамашылығымен Қазақстандағы темір жол көлігі машинасын жасау саласын дамыту мәселесіне арналған семинар кеӊес өткізілді, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Талқылауға мемлекеттік органдар, даму институттары, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Семинарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Берік Камалиев көліктік-логистикалық саланы жасақтаудыӊ мемлекеттік сипат алып отырғаны оны ғаламдық деӊгейге көтеру қажеттігін әӊгімеледі.

Мемлекет басшысыныӊ бастамашылығымен басталған "Жаӊа Жібек жолы" ғаламдық жобасын жүзеге асыру жобасы бойынша, 2020 жылдары Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге дейін артып болашақта 50 миллион тоннаға дейін жеткізілетін болады",-деп атап өтті Б. Камалиев.

Б. Камалиевтіӊ айтуынша, индустриялық-инновациялық дамуды жүзеге асыру мәселесінде ҚТЖ жылжымалы құрам мен металлургия өнімдерінен: тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушылар вагондары, рельстер, бағыттауыш бұрмалар, тұтас құйма доӊғалақтар, ірі вагон құймаларын шығарады.

Оныӊ айтуынша, екінші бесжылдықтағы Индустрияландыру бағдарламасы бойынша жылжымалы құрамдарды кезеӊ -кезеӊімен алмастыру, көп салалы кешенді машина құрастыру саласын түрлендірумен жалғасады. Осыған орай машина құрастыру саласында еӊбек етіп жатқан отандық және шетелдік компаниялар қолдау табады.

Темір жол машинасын жасау саласындағы қазақстандық үлесті өсіру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы пікірлерін Инвестициялар және даму министрлігініӊ индустрияны дамыту мен өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетініӊ төрағасы Қанат Байытов, "Қазақстанныӊ индустрияны дамыту институты" АҚ қолдау орталығыныӊ директоры Гүлнәр Бексаринова, "Ұлттық технологиялық даму агенттігі" орталығы директорыныӊ орынбасары Олжас Біләлов, "KaznexInvest" экспорт және инвестициялары Ұлттық агенттігі" АҚ басқарушы директоры Расул Қизатов ортаға салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны